
Бурабай ауданы білім бөлімінің виртуалдық әдістемелік кабинеті
Виртуальный методический кабинет отдела образования Бурабайского района
Жаңалықтар
Новости
Пікір сайыс алаңы
2017 жылдың ақпан айында Щучинск қ. №1 М/Г базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту» атты тақырып бойынша 1-сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер үшін дөңгелек үстел өткізілді. Семинарға Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының оқытушылары Журба Л.В., Жұрынтаева С.Б. қатысты. Қатысушыларға №1 М/Г педагогтары Балашова Н.В., ағылшын тілінің мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімдері Акшатырова И.В., Подпорина Н.Л. ашық сабақтар көрсетті. Сабақтар барысында білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері көрсетілді. Семинардың екінші бөлігінде қатысушылармен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытуды жоспарлау», «Жаңару тұрғысынан сабақты талдау» атты тақырыптарда практикалық жұмыс ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушылар жаңартылған бағдарлама бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өзара іс- тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, мұғалімдерге электрондық форматта құжаттар пакеті ұсынылды.
Вотинова Е.В., білім бөлімінің әдіскері
