top of page

Помощь учителю

Білім  беру  ұйымы  директорының  оқу-тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарына,

ӘБ  жетекшілеріне,  мұғалімдерге  арналған  арналған 

әдістемелік  нұсқаулар

Мұғалім   қызметін  зерттеу  бойынша  жадынама

 

Мақсаты:  Математика,  физика  пәндерін  оқыту  мазмұнының,  деңгейі  мен  сапасының  мемлекеттік  стандартқа  сәйкестігін  анықтау,   оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыру  жағдайларының  талап  пен  нормаларға  сәйкестігін  қамтамасыз  ету.  Пәндерді  оқыту  сапасын  басқару  бойынша  мектеп  әкімшілігі  мен  мұғалімдердің  оң  іс-тәжірибелерін  анықтау.

Нормативтік  бөлігі

  Пән  мұғаліміндерінде  нормативтік-құқылық  базаның  болуы  және  оларды  жұмысында  басшылыққа  алуы:

1.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995  жылы  30  тамызда  республикалық  референдумда  қабылданды)  (өзгерістер  мен  толықтырулар  02.02.2011  жылы  енгізілді).

2.Қазақстан  Республикасының  11  шілде  1997  жылғы  «Қазақстан  Республикасының  тілдер  туралы»  №151-1  Заңы  (өзгерістер  мен  толықтырулар  10.07. 2012 жылы  енгізілді).

3.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  (өзгерістер  мен  толықтырулар   10.07.2012ж.  енгізілді).

4. Оқу  пәндері  бойынша  орта  білім  берудің  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандарты.

5.ҚР  жалпыға  білім  беретін  мекемелерінің  базистік  оқу  жоспары.

6. Оқыту  пәні  бойынша  бағдарламалар,  оқу-әдістемелік  кешендер.

7.»2012-2013  оқу  жылында  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  ғылым  негіздерін  оқыту  ерекшеліктері»  туралы  әдістемелік-нұсқау  хат.

8. «ҚР  білім  беру  ұйымдарындаоқу  жылын  аяқтау  туралы»  әдістемелік-нұсқау  хат.

9.  Санитарлық  ережелер «Жасөспірімдер  мен  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  объектілеріне  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар».  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  30  желтоқсан  2011  жылғы  №1684  қаулысымен  беітілген».

10.Педагог  мамандар  мен  оған  теңестірілген  тұлғалардың  типтік  біліктілік  сипаттамалары  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің  13  шілде  2009  жылғы  №338  бұйрығы).

11.  «Дербес  компьютерлермен,  бейнетерминалдармен  жұмысқа  және  олармен  жұмыс  істеу  жағдайына  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар»  атты  санитарлық  ережелер  (Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  Министрінің  міндетін  атқарушының  28  қыркүйек  2010  жылғы  №767  бұйрығы),  өзгерістер  мен  толықтырулар  25.04. 2011  жылы  енгізілді).

12.  Қашықтықтан  білім  беру  технологиялары  бойынша  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  ережелері  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым    Министрінің   13  сәуір  2010  жылғы  №169  бұйрығы.  Қазақстан  Республикасы  әділет  Министрлігінде  20  мамыр  2010  жылы  №6242  болып  тіркелді).

13.  Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарының  физика,  математика  және  информатика  кабинеттері  үшін  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздікті  сақтау  ережелерін  бекіту  туралы  (ҚР  БҒМ-нің  06.10.2006  жылғы  №517  бұйрығы).

14. Мемлекеттік  органдардың  интернет-қорларында  орналастырылған  мемлекеттік  органдар  туралы  электрондық  ақпараттық  қорлардың  ретін  бекіту  туралы  (ҚР  Үкіметінің  03.10.2007  жылғы  №891  қаулысы).

15.  Педагог  мамандарды  аттестациялау  Ережелері  )ҚР  БҒМ-нің  22. 01. 2010  жылғы  №16  бұйрығы).

Сараптама  бөлімі

1. Тақырыптық-күнтізбелік  жоспарлаудың  болуы,  оның  бағдарламаға  және  стандарқа  сәйкес  болуы..

2.Пәндер  бойынша  оқушылардың   білім  сапасы,  үлгерімі.  Оқушылардың  білім  сапасынының  мониторингісі  (соңғы  3  жылдың  салыстырмалы  талдауы);  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  жақсарту  бойынша  жұмыс,  психологиялық  көмекті  ұйымдастыру,  ата-аналармен  жұмыс.

3. Оқушылардың  сабақтағы  белсенділігі,  оқушылар  мен  мұғалімдер  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  (сабақтарға  бару),  оқушылармен  саралау  жұмысын  ұйымдастыру.

4.  Оқыту  нәтижелерін  салыстырмалы  талдау  (жылдық,  тоқсандық  бағалардың  сәйкестігі).

5.  Мұғалімнің  оқушы  дәптерлерімен  жұмысы.  Дәптерлердің  тексерілуінің  нормаға  сәйкестігі.

6.  Оқу  жетістіктіктерін  сырттай  бағалау  бойынша  (9-сыныптар)  және  ҰБТ (11-сыныптар)  бойынша  мектеп  және  пән  мұғалімдерінің  жұмыс  жоспары  және  оны  орындау.  ОЖСБ  және  ҰБТ  нәтижелері (ҰБТ  бойынша  соңғы  3  жылдың  салыстырмалы  талдауы).

7. Сабақты  өткізу  кезінде  санитарлық-гигиеналық  талаптарды  сақтау  (сыныптағы  тақта,  мектеп  жиһазының  оқушылардың  жасына  сәйкестігі,  жарықтың  берілу  деңгейі,  бөлменің  тазалығы,  оқушылардың  денсаулық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  отырғызу,  желдету  тәртібі,  нормаларға  сәйкес  көрнекіліктерді  қолдану,  қажетті  сабақтарда  еңбек  және  техника  қауіпсіздігі  ережелерін  сақтау).

8.  Дарынды  балалармен  жұмыс:  оқушылардың  пәндік  олимпиадаларға,  байқауларға,  ғылыми  жобаларға   қатысуы  және  басқа  нәтижелер.

9. Пән  бойынша  сыныптан  және  мектептен  тыс  жұмыс.

10.  Құжаттармен  жұмыс  (журналды  толтыру).

Ақпараттық-әдістемелік  бөлім

1.  Педагогикалық  және  әдістемелік  кеңестерде  пәннің  оқытылу  жағдайы  жөніндегі  сұрақтарды  қарастыру.

2. Математика  және  физика  мұғалімдерінің  біліктілігін  жетілдіружәне  кәсіптік  өсуінің  мониторингісі.

3.  Пәндік  кабинеттер  мен  кітапхана  қорын  әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  ету.

4. Пәнді  оқыту  үшін  мамандармен  қамтамасыз  ету  (барлық  мұғалімдер,  оның  ішінде  жоғары,  бірінші,  екінші  санаттылары,  санаты  жоқтары,  базалық  барлары,  мамандығы  бойынша  жұмыс  істемейтіндер.

6.  Әдістемелік  жұмыс:  семинарлар,  дөңгелек  үстелдер,  конкурстар,  шебер  сағаттары,  ғылыми-практикалық  конференциялар.

7. Мұғалімдердің  ӘБ (кафедралардың)  жұмыс  жоспарлары  және  олардың  орындалуы.

8. Пән  мұғалімдері  қолданатын  жаңа  оқыту  технологиялары,  шығармашылық  топтардың  жұмыстары.

9. Мұғалімдердің  өзіндік  білім  алуы  бойынша  жұмысты  ұйымдастыру.

10.  Жас  мамандармен  жұмыс,  тәлімгерлік.

11. Біліктілікті  жетілдіру,  педагог  мамандарды  аттестациялау.

12. Пәнді  оқыту  жағдайына  пәнішілік  бақылау

13. Пән  мұғалімдерінің  жұмысына  педагогикалық  бақылау  дәптері.

14.Оқу-материалдық  база

 

bottom of page