
Бурабай ауданы білім бөлімінің виртуалдық әдістемелік кабинеті
Виртуальный методический кабинет отдела образования Бурабайского района
Инновации
Әдістемелік нұсқаулар:
Педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау
және тарату формалары туралы
Нұсқауларда алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені анықтау, зерттеу және жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастырудағы негізігі тәсілдер қарастырылған, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибенің негізгі түрлері көрсетілген, АҚІТ-ні зерттеудің негізгі кезеңдері сипатталған, оны сипаттаудың алгоритмі берілген. Аталмыш әдістемелік нұсқаулар «Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені өзіндік жинақтау, жинақтау және таратудың ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері» атты Ақмола БҚБА және КДИ-ның нұсқауларының негізінде жасалған.
Нұсқаулар педагогтар мен мектептің әдістемелік бірлестік (МӘБ) жетекшілеріне, директордың әдістемелік жұмыс бойынша орынбасарларына қолдануға ұсынылады.
Құрметті әріптестер!
Аудандық деректер банкі төмендегі қағидалар бойынша қалыптастырылады:
1) мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін жаппай сипаттау аудандық деректер банкіне рецензиялау және тіркеу үшін, мектептердің әдістемелік қызметтері арқылы педагогикалық ұжымдарда өздерінің оқыту және тәрбиелеудегі тұрақты жоғары нәтижелерімен, өздерінің көшбасшылығын дәлелдеген , ерекше кәсіптік әзірлемелердің авторы, мектептің практикалық жұмысына инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу бойынша қарқынды әдістемелік жұмыс жүргізетін мұғалімдердің кім екенін анықтау үшін қабылданады.
2) облыстық деректер банкіне енгізу үшін мектеп жасына дейінгі мекемелердің тәрбиешілерінің, қосымша білім беру педагогтарының, жалпы бастауыш, негізгі және орта білім беру мекемелері мұғалімдерінің жинақталған тәжірибесі ұсынылады, сол сияқты, мектептің әдістемелік қызметіне және жоғары деңгейдегі жаңашылдығы мен нәтижелілігі бар адамдарға пайдалануға ұсынылады.
Жадынама
Педагогтардың іс-тәжірибесі туралы материалдарды
қалай ресімдеуге болады
(білім бөлімі әдістемелік кабинетінің компьютерлік деректер банкінде
пайдалану үшін).
01. Облыс, аудан, қала-------------------------------------------------------------------------------
02. Мектеп, б/б, қосымша білім беру мекемесі-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
03. Пәні---------------------------------------------------------------------------------------------------------
04. Білімі--------------------------------------------------------------------------------------------------------
05. Санаты------------------------------------------------------------------------------------------------------
06. Фамилиясы-------------------------------------------------------------------------------------------------
07. Есімі---------------------------------------------------------------------------------------------------------
08. Әкесінің есімі---------------------------------------------------------------------------------------------
09. Тақырыбы-------------------------------------------------------------------------------------------------
10. Іс-тәжірибеге аннотация (яғни, іс-тәжірибенің пайда болуы және жасалуы, ғылыми жағынан негізделуі, жұмыстың негізгі мақсаты мен кезеңдері, іс-тәжірибенің артықшылықтары мен нәтижелілігі, жүйелілігі, технологиялары, әдістеме авторы, кімнің және қандай іс-тәжірибеге сүйенетіні және шығармашылықпен қолданатыны туралы деректерді қысқаша баяндау).---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
11. Тәжірибенің мазмұнын толық баяндау (яғни, педагогтың барлық жұмыс жүйесін мәтіндік-графиктік жүйеде баяндау. Пайдалануы мүмкін: тарихи анықтама, іс-тәжірибенің басты идеялары, мақсаты мен міндеттері, жұмыс формалары, әдіс-тәсілдері, оларды ғылыми жағынан негізделуі, ұйымдастру-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу, құжаттық жағынан ресімдеу, жоспарлау жүйесін , оқу-әдістемелік кешенін, авторлық мен әдістеменің, тапқан өзіндік жаңалықтарын, өнертапқыштығын, әдебиетпен жұмыс істеу тәсілдерін, беру және игеру жолдарын, оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру тәсілдерін, оқыту және дамыту әдістері мен тәсілдерін, ынталандыруын және танымдылығын, бағалау және бақылау, сыныптық және үй жұмысы, нақты және терең білім, білік, дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын және руханилығын қалыптастыру жүйесін сипаттау7
12. Іс-тәжірибенің нәтижелілігі (тиімділігі), яғни, педагогтың жұмысының нәтижелерін график және мәтін бойынша ұсыну, оның жұмыс жүйесі, дәстүрлі бағдарламалармен және технологиялармен салыстыру мүмкін-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
13. Іс-тәжірибені зерттеушіге көмек:
13.01. Тәжірибені шығармашылықпен пайдалану бойынша нұсқаулар мен кеңестер--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
13.02. Іс-тәжірибе туралы ақпарат (қайда оқуға болады, қандай әдебиеттер пайдаланылды)------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
13.03. Іс-тәжірибеге қосымшалар (басылымдар, кино, бейне фильмдер, жинақтар, папкалар, буклеттер, альбомдар...).----------------------------------------------------------------------
13.4. Тақырып бойынша қолданылатын әдебиет, проблема-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
13.5. Кім жинақтап, іс-тәжірибе материалдарын әзірледі--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ескерту: Компьютерлік техниканың үлкен көлемде есте сақтау мүмкіндігі мен жақсы техникалық сипаттамаларына қарамастан басылға мәтіннің көлемін 8-15 басылған бетпен шектеген дұрыс (барлық кестелерін, гафиктері мен иллюстрациясын бірге т.б. қосқанда), бұл жұмысты тірек конспектісі ретінде, яғни, педагогикалық жүйеде мәндіні, ең бастыны, технологияны, автордың іс-тәжірибесін бөліп алу, ал басқалары: фильмдер, кітаптар, жинақтар, альбомдар,, материалдар салынған конверттер бұл тірек конспектісіне қосымша болып табылады.
Педагогтың жұмыс тәжірибесін жинақтау
бойынша әдіскерге жадынама
1Жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін тақырыпты таңдай отырып, оның көкейтесті, маңызды, қажетті болуына көңіл аударыңыз, тақырыптың дәл, нақты болуына мән беріңіз;
2.Жинақтау формасын анықтаңыз: бейнефильм, жинақ, плакат, бір жүйеде ресімделген әзірлемелер, есептер, диктанттар жинағы, практикумдар, тестілік тапсырмалар, шет тілі мәтіндерінің жинағы, зертханалық практикумдар, көрнекі құралдар, электрондық оқулықтар, альбомдар, сөздіктер, технологиялық карталар, оқушылар үшін өзіндік жаттығулар және т.б.
3. Жинақтаудың қысқаша жоспарын жасаңыз (3-4 сұрақ, содан кейін тақырып бойынша тезистерді жасаңыз. Қорытынды жасау үшін негіз болатын фактілерді қалыптастырыңыз және келтіріңіз. Үнемі жоспарды нақтылап отырыңыз, онда тақырыпты баяндау логикасы мен негізгі идеясы болуы керек.
4. Егер мүмкін болса, тақырыпқа сәйкес нақыл сөзді іріктеп алыңыз.
5. Іс-тәжірибені сипаттау. Кіріспенің көлемі үлкен болмауы қажет, жалпылама сөздерден аулақ болыңыз. Мұғалім тұлғасына, іс-тәжірибе авторына мінездеме беріңіз, толық аты-жөнін, білімін, санатын, педагогикалық өтілін, мектеп, аудан атауын жазыңыз, жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз. Мұғалім несімен «қызық», қоржынында қандай әдістемелер бар және нақты жинақтау тақырыбына толығырақ тоқталыңыз.
6. Іс-тәжірибенің практикалық жағын бағалаңыз. Іс-тәжірибені теориялық жағынан негіздеңіз, оның мәнін көрсетіңіз. Педагогтың жұмыс жүйесіндегі мазмұнды көрсетіңіз.
7. Жетістіктер туралы айта отырып, мұғалімге кездескен қиындықтарды, қателіктері мен кемшіліктерін, шешілмеген сұрақтарын айтыңыз. Іс-тәжірибе туралы жазған әңгімеңіз дәлелді және қызықты болмайды, егер онда оқушылардың қалай өсіп, дамып келе жатқаны көрсетілмесе.
8. Материалды қысқаша, логикалық жағынан үйлесімді, қайталаусыз баяндаңыз. Баяндаудың сауаттылығына, мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне назар аударыңыз.
9.Қосымшаны іріктеп алыңыз, қосымшаларды қажетті үлгіде ресімдеңіз (схемалар, карталар, таблицалар, фотосуреттер, күнделікті сабақ жоспарлары және т.б.)
10. Пайдаланған әдебиеттер тізімін сауатты ресімдеңіз (алфавиттік ретпен, автордың ФАӘА, шыққан жерінің аты және жылы).
11. Педагогикалық іс-тәжірибені жинақтай отырып, қазіргі мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде Сіз маңызды миссияны орындайтыныңызды есіңізде сақтаңыз.
12.Дайындалған және тексерілген жұмыс рецензиялауға беріледі, одан кейін кафедра кеңесінде немесе оқу-әдістемелік кабинеттің кеңесінде тыңдалады. Жинақты шығару үшін сараптама кеңесіне ұсынылуы қажет: мәтіннің басылып, бірақ түптелмеген 1 данасы, электрондық варианты, мөрмен бекітілген рецензия, кафедра немесе кабинет отырысының шешімінің көшірмесі.
13. Егер жинақта таблицалар, схемалар, есептеулер ұсынылса, оларды мұқият тексеру қажет. Жұмыстың мазмұны үшін автордың (құрастырушының) өзі , рецензия жасаушы және сәйкес кафедра немесе кабинет жауапты.
14. Басылымға берілген материал кешенді болуы қажет, яғни, негізгі мәтін, бірінші бетінің мәтіні, аннотация, мазмұны, қорытындысы, қосымшалары. Беттері араб цифрларымен нөмірленуі керек, беттердің нөмірлері беттің төменгі жағының орта кезіне қойылады. Иллюстрацияланған материал болса (сызбалар, фотосуреттер, , суреттер, таблицалар), онда оларға түсініктеме беру қажет.
15. Электрондық варианттағы жазба MS Word форматында бір файлда орындалуы қажет, негізгі мәтінге «обычный» стилінің параметрлері берілуі тиіс, шрифтісі Times New Roman, размері 14. Әр беттің барлық жағынан 20 мм ақ жер қалдырылуы керек. Әр жолдың арасынан бір интервал қалдырылады. Мәтін А4 форматындағы қағаздың бір жағына ғана басылуы керек.
16.Мәтінде кездесетін арнайы терминдер болса, онда жұмыстың соңында сөздік жұмысын құрастыру қажет. Мәтінде орфографиялық және стилистикалық қателіктер кездеспес үшін мұқият тексерілуі керек.
Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибенің иесі педагогтың қызметін
зерттеуге қажетті материалдар.
1. Нақты проблема бойынша педагогтың алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау бойынша білім мекемесінің педагогикалық (әдістемелік) кеңесінің шешімі.
2.Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесі бар педагогтың жұмысының қысқаша сипаттамасы.
3.Өткізілген жұмыстың ғылыми-әдістемелік жағынан талдауы, оның нәтижелілігін бағалау.
4. Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибенің иесі – педагогтың педагогикалық кеңестердегі, семинарлардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы және т.б. баяндамалары (тезистері).
5. Оқыту мен тәрбиелеуден әдістемені жетілдіру бойынша педагогтың шығармашылық жұмыстарын іріктеу:
-бағдарламаның жеке тақырыптарын баяндау;
-дидактикалық материалдар жүйесі;
-іс-шаралар сценарийлері және т.б.
6. Педагогтың жеке іс-тәжірибе алмасу бойынша баяндамалары, өзі жүргізетін кеңес берулері, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе мектебінің, әдістемелік бірлестіктің жұмысына қатысу.
7. Қосымшалар:оқу кабинеті бойынша материалдар, сабақ конспектілерінің, оқушы жұмыстарының үлгілері және т.б.
8. Іс-тәжірибе бойынша басылымдағы мақалалар.
9. Зерттеліп отырған іс-тәжірибенің білім мекемесінде, ауданда және т.б. қолданылуы.
Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибенің ұжымдық иесінің қызметін
зерттеуге қажетті материалдар (жұмыс тобының, білім мекемесінің, жалпы білім мекемесінің)
1. Жұмыс тобының (әдістемелік бірлестіктің, жалпы білім мекемесінің) алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау туралы білім мекемесінің педагогикалық кеңесінің шешімі.
2. Соңғы 2-3 жылдағы ӘБ (жұмыс тобының, білім мекемесінің) жұмыс жоспары.
3. Ұжым жұмыс істеп жатқан негізгі проблемалардың тізімі, олардың көкейтестілігі мен мәні.
4. Соңғы екі жылда алған оқушылардың білім, білік, дағдыларын талдау. Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында баяндамаларының тезистерімен бірге қарастырылатын ғылыми-әдістемелік сұрақтардың тізімі.
5.Соңғы 2-3 жылдағы ӘБ отырыстарының хаттамалары.
6. Педагогтың өзіндік білім алу бойынша материалдары.
7. Әдістемелік бірлестіктің (жұмыс тобы, білім мекемесі) оқу-материалдық базасының сипаттамасы, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану.
8.Қосымша: өткізілген оқу-тәрбие жұмысы бойынша материалдары, жас мамандармен, оқушылармен жұмыс жоспары және т.б.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені
жинақтау формалары
«Іс-тәжірибеден» авторлық әзірлемелердің үлгі тізімі
Мазмұны мен ресімдеу бойынша түсініктер
1. Базалық, тереңдетілген оқу курсының авторлық бағдарламасы.
Мектеп жасына дейінгі мекеме маманының авторлық тәрбие бағдарламасы
Талаптарға сәйкес ресімдеу, №3 қосымшаны қараңыз
2.Дарынды балалар үшін жеке бағдарламалар пакеті. Оқуда қиындықты сезінетін балалар үшін коррекциялық бағдарламалар.
Талаптарға сай ресімдеу
3. Авторлық оқу-әдістемелік жинақ
Аталмыш басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес ресімдеу, жинаққа берілген сын-пікірдің болуы.
4. Пән бойынша авторлық жұмыс дәптерінің болуы
Талаптарға сай ресімдеу
5. Әдістемелік журналдарда мақалалар сериясының болуы және өзінің іс-тәжірибесі жөніндегі мақалалар жинағы.
Әдістемелік қызметтің педагогтың инновациялық қызметі жөніндегі хаты.
6. Ең қызықты сабақ әзірлемелерімен мазмұнды бір жылғы күнделікті сабақ жоспарлары
Жоспарлаудың аталмыш вариантын негіздеу, әзірлемелерді құрылымдық жағынан құру шарттары мен критерийлерін сақтау.
7. Бағдарлама бөлімдері немесе үлкен тақырып, сынып бойыншаавторлық сабақтардың, ашық сабақтардың, тәрбиелік іс-шаралардың сериясы
Осы жерде оқу-әдістемелік кешендер бойынша деректер беру қажет (сынып, бағдарлама, оқулық, мұғалімге арналған анықтамалық, оқушылар үшін әдебиет), егер сабақ жөнінде сөз қозғалса, онда қазіргі сабақ әзірлемесіне қатысты барлық талаптарды ескеру қажет.
8. Шебер сағаттары
№1 қосымша
9. Іскерлік ойындардың, зертханалық-тәжірибелік жұмыстардың, шығармашылық шеберханалардың, авторлық бағдарламалары, әдістемелік әзірлеме
Түсініктеме хаттардың, әкімшіліктің, АӘБ жетекшісінің және т. б. пікірлерінің болуы.
№5 қосымша.
10. Дидактикалық альбом
Оған жеке авторлық әзірлемелер, бағдарламаның үлкен бөлімдері бойынша тақырыптық дидактикалық материалдар, сол сияқты, ең күрделі тақырыптарды өнімді оқу үшін оқу-зертханалық комплектілер кіруі мүмкін.
11. Бейне сабақтар сериясы
Түсініктеме хаттардың, әдістемелік нұсқаулардың болуы.
12. Шығармашылық есеп
№2 қосымшаны қараңыз
13. Педагогикалық авторлық жоба.
Жоба (латын тілінен projectus-алға лақтырылған)- жасалған жоспар, ой, қандай да бір құжаттың тезистері. Жобалық менеджменттің түрлі тәсілдерінің шеңберінде «жоба» түсінігінің бірнеше анықтамалары бар, мысалы:
-белгісіздік жағдайындағы қызмет;
-шындықты қажеттілік жағдайына (идеалдық) айналдыру жолдары;
-қызметті адымдық жоспарлауды қажет ететін мақсаттық жоспарлау формалары;
-ұйымдардың әрекет етуінде дайын алгоритмдері жоқ мақсатттарға қол жеткізудің тәсілдері (инновациялық қызмет, бір мезгілдегі арнайы акция және т.б.);
-қорлардың шектеулі жағдайында нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызмет. Жоба дегеніміз жаңа білім нәтижелеріне (жоспарланған) қол жеткізетін зерттелмеген немесе шешуін таппаған, жаңа сұрақтар бойынша нақты педагогикалық проблемаларды шешу бойынша қызметті жоспарлау және жүзеге асыру тәсілдері.
Педагогикалық жоба есептеу-графикалық материалдарын, бағдарламалық өнімдерін, жұмыс макеттерін және педагогтар жасаған басқа да материалдарын қоса берген түсініктеме хат түрінде жазылады. Жоба зерттеліп отырған проблеманың мәнін ашуы, педагогтың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етуі қажет.
Түсінік хатта болуы керек:
-педагогикалық проблеманың қойылуы;
-жобаның мақсаты;
-проблеманы шешу тәсілдерін негіздеу;
-жоспарланған нәтижелер.
Ескерту: Жіберілген барлық материалдарда пайдаланған әдебиеттер, Интернет-қорлардың, тізімі, жұмысқа жазылған пікір болуы керек (№4 қосымша)
№1 қосымша
«Шебер сағаты» (мастер –класс) жұмысы- бұл педагогикалық шеберлікті өсірудің жолдарын іздестіруде белсенділік танытқан, сол сияқты, өзінің кәсіптік дамуына сылбыр қарайтын мұғалімдерді кәсіптік оқытудың тиімді формасы, Шебер сағаты беделі бар Шебер мұғалімде оқушы болу деген мағынаны білдіреді, яғни, жұмыс тәсілдерін тікелей және түсіндіре отырып, оқушыларына өзінің іс-тәжірибесін, шеберлігін, өнерін нақты мәнде беру болып табылады. Шебер сағаты жұмыстың бір рет істелетін формасы болып табылады, ол мұғалімдердің немесе оқушылардың шағын топтарын біріктіреді.
Шебер сағатының «оқушыларының» жұмысының нәтижелілігін анықтайтын шарттар:
1) Шебер сағатына қатысушылардың барлығының ойлы қызметін ынталандыру;
2)Теориялық және әдістемелік деңгейін арттыру;
3) «оқушылар» мен шебердің өзіндік қайта жаңғырту қызметін дамытуға дайындығы;
4) өзіндік практика үрдісінде қатсушылардың қызметін рефлексиялау.
Шебер мұғалім өзіне қатысты педагогикалық әрекеттер мен әдістемелік тәсілдер кешені бар өзіндік жұмыс жүйесін ұсынады, іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты, ерекше және оқу-тәрбие міндеттерін ұтымды шешуді қамтамасыз етеді.
Мұғалімнің жұмыс жүйесінің белгілері - тұтастық, әрбір әдістемелік тәсілді қолданудың орнын және уақытын анықтау ұтымдылығы; тұлғаның жетекші сапаларын дамытуға барлық күшті жұмсай отырып, оқушыларға ықпал етудің әр түрлілігі, әдістеменің ерекшелілігі. Шебер мұғалімнің жұмыс жүйесінің жалпы белгілеріне қарамастан, олардың әрқайсысында өзіндік шығармашылық педагогикалық стилі қалыптасқан, олар педагогикалық қызметті ұйымдастыру барысында мазмұн мен формаларды, әдістерді іріктеуде, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін рефлексиялау кезінде байқалады. Шебер сағатының қағидасы: «Мен не істейтінімді білемін. Мен сіздерге үйретемін». Шебер сағаты кезінде сізге барлық қызықтыратын сұрақтарды тыңдап, оларға ерекше бір ілтипатпен жауап беретін оқытушының бақылауында бола отырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі туып отыр. Шебер сағаты- бұл екі жақты үрдіс және «оқытушы-тыңдаушы» қарым-қатынасы міндетті түрде қажет. Үздіксіз байланыс, әр тыңдаушыға деген деген жекелей тәсіл-бұл шебер сағатын басқа оқыту формалары мен әдістерінен ерекшелендіреді. Шебер сағатына зерттеліп отырған саланың мамандары шақырылады. Шебер сағатының тақырыбын сәтті игеру барлық қатысушылардың нәтижелі қатысуының негізінде жүзеге асырылады.
Шебер сағаттарының тақырыптарына кіреді:
-көкейтесті проблемалар мен технологияларға шолу;
-технологияларды қолданудың әр түрлі аспектілері мен тәсілдері;
-іс-тәжірибеде технологияларды қолданудың авторлық әдістері;
-нақты міндеттерді шешу барысында технологияларды қолданудың құжатталмаған мүмкіндіктері, нюанстары. Шебер сағатында оқытудың оң нәтижелері-бұл белсенді мұғалімнің оқыту механизмдерін пайдалануы, ол арқылы мұғалім өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін талдайды және өзіндік кәсіптік қызметтің жаңғырту жолдарын табады. Сылбыр мұғалім белгілі бір әрекеттің алгоритмін орындай отырып, белсенді танымдық қызметке араласады.
Шебер сағатына қатысушылардың танымдық қызметінің белсенділігі үш титі жағдайды жасаумен тығыз байланысты: 1) нақты қызметте танымдық қажеттілік пен ынтаның қалыптасуы қамтамасыз етіледі; 2) танымдық қызығушылық ынталандырады және жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру және педагогикалық қызметті өзіндік бақылау бойынша біліктер шыңдалады; 3) шебер сағатының әр қатысушысына жекелей тәсілді қолдану жүзеге асырылады, әр оқу-танымдық қызметінің оң нәтижелері қадағаланады. Шебер сағаты мұғалімнің белсенді өзіндік қызметін ұйымдастыру формасы ретінде кәсіптік бірлестіктердің жұмыс үрдісінде эмпирикалық зерттеу әдістерінің болуын қажет етеді:
-қадағалау. Педагогикалық қадағалау үрдісі кезеңмен жүзеге асырылады:
1. объектіні таңдау және мақсатты анықтау;
2.жоспарды құру;
3. құжаттарды әзірлеу (хаттамалар, нұсқаулар бланкі және т. б.);
4. қадағалау деректерін жинақтау (жазбалар, хаттамалар, таблицалар);
5.қадағалау нәтижелерін өңдеу және ресімдеу;
6. нәтижелерді талдау;
7.қорытындылар, қадағалау.
-шебер мен оқушылар қызметінің нәтижелерін және құжаттарды зерттеу;
-тестілеу;
-өзіндік педагогикалық қызметтегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үшін дидактикалық материалдарды әзірлеу.
Шебер сағатын дайындау және өткізу технологиясы
Әрекеттер реті -шебер мұғалімнің авторлық жұмыс жүйесін зерттеудің адымдық алгоритмі. Бағалау критерийлері –шығармашылық педагогикалық қызметтің жеке стилінің жаңа деңгейі (имитациялық, конструктивтік, шығармашылық).
Сапалы жаңа нәтиже - шебер тиімді жұмыс істейтін технология тәртібінде сабақты жасау үлгісін жасау білігі.
1-адым-шебердің педагогикалық іс-тәжірибесін презентациялау. Аталмыш кезеңде эксперименттік сыныптың оқушыларына қысқаша сипаттама беріледі. Диагностика нәтижелерін негіздеу, оқушылардың дамуын болжау; эксперименттік сыныпта жұмыс тиімділігін қамтамасыз ететін технологияның негізгі идеялары негізделеді;
Шебердің жетістіктері туралы ақпарат, оның мақалалары ұсынылады, мұғалімнің жұмысындағы проблемалар мен перспективалар анықталады.
2-адым- сабақтар жүйесін ұсыну. Тиімді педагогикалық технология тәртібінде сабақтар жүйесі ұсынылады, шебердің тыңдаушыларға ұсынатын жұмыстың негізгі тәсілдері анықталады.
3-адым –иммитациялық ойын. Оқушылармен тиімді жұмыс тәсілдерін көрсете отырып, шебер мұғалім тыңдаушылармен сабақ өткізеді, тыңдаушылар бір мезгілде екі түрлі рөлді атқарады: ашық сабаққа қатысып отырған эксперименттік сынып оқушылары мен сарапшылар.
4-адым- үлгілеу. Шебер сағаты технологиясының тәртібінде тыңдаушылар өзіндік сабақ үлгісін өзі жасайды. Шебер кеңесшінің рөлін атқарады, тыңдаушылар өзіндік қызметті ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Сабақтардың авторлық үлгілерін талқылау өткізіледі.
5-адым-рефлексия. Шебер мен тыңдаушылардың бірлескен қызметінің нәтижелері бойынша пікірсайыс өткізіледі; шебер сағатының барысында мақсатқа қол жеткізу қойылған мақсатқа сәйкес анықталады.
Т. П. Лакоценина, Е. Е. Алимова, Л. М. Оганезова материалдары бойынша.
Қазіргі сабақ. II. Инновациялық сабақтар.- Дондағы Ростов: «Учитель» баспасы, 2007,- 208 б.
№2 қосымша
Шығармашылық есеп – бұл мұғалімнің жаппай қызмет жүйесін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін жаңашылдық пен ерекшелікке ұмтылатын сынақ формасы мен нәтижесі.
Шығармашылық есепке кіреді:
-педагогтың іс-тәжірибесін ашатын баяндамасы;
-пән бойынша ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шара (немесе оның бейне жазбасы);
-жұмыс жүйесін көрнекі сипаттайтын оқу-әдістемелік кешеннің демонстрациясы.
Шығармашылық есепке қойылатын талаптар:
-атауы іс-тәжірибенің негізгі идеясын сипаттауы қажет;
- оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру үшін баяндамада іс-тәжірибенің көкейтестілігі мен практикалық мәні негізделуі керек;
-іс-тәжірибенің ғылыми жағынан негізделуі (теориялық базасы);
-іс-тәжірибенің мәнін сипаттау, аттестациялаудан өтушінің теориялық және әдістемелік жағынан тапқан жаңалықтарын талдау, педагогикалық қызметті ұйымдастыру, оның мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері;
-алынған нәтижелер, қолдану шарттары, анықталған қиындықтар;
-тәжірибені сынақтан өткізу ұзақтығы.
Пән бойынша ашық сабақ немесе сыныптан тыс іс-шара мұғалімнің педагогикалық және тәрбиелік қызметі фрагментінің үлгісін жасауға, мұғалімнің кәсіптік құзырлылығы , оның педагогикалық қызметінің көрнекі деңгейі туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Ашық сабақтың (пән бойынша сыныптан тыс іс-шараның (пән бойынша сыныптан тыс іс-шараның) мақсаттары шығармашылық есеп тақырыбына сәйкес келуі қажет. Сабақта, сыныптан тыс іс-шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдістер, формалар ұсынылып отырған педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі элементтеріне орындаушылардың назарын бекіту мақсатындағы есеппен таңдалуы тиіс.
Оқу-әдістемелік кешен көрмесінің мазмұнына
кіруі мүмкін:
-авторлық бағдарлама, мақала, баяндама варианттары;
-жеке тақырыптардың, күнделікті сабақ жоспарларының әзірлемелері;
-дидактикалық материалдардың, көрнекі құралдардың, таблицалардың авторлық үлгілері;
-суреттер, балалардың жасаған заттары және т.б.
Шығармашылық есепті қорғау үшін 1 сағаттан кем емес уақыт берілуі керек.
Шығармашылық есеп төмендегі көрсеткіштер
бойынша бағаланады:
1. Шығармашылық есепте бар өзгерген білім беру технологиясы, бағдарламасы мен әдістемесінің қажеттілігі мен көкейтестілігінің негізделуі
2.Педагогикалық қызмет өзгеруінің тиімділігі мен нәтижелілігінің негізделуінің болуы;
3. Баяндаманың сапасы.
Шығармашылық есеп қойылған талаптарға сәйкес орындалса, онда оң бағасын алады.
№3 қосымша
Оқу курсының авторлық бағдарламасын жасау бойынша
әдістемелік нұсқаулар (элективтік курстың)
Оқу бағдарламасын оқу үрдісінің белгілі бір фрагментін анықтайтын оқу курсының бір үлгісі ретінде есептеуге болады. Бұл жерде жинақтаудың үлгісі ретінде есептеуге болады. Бұл жерде жинақтаудың ең жоғарғы деңгейіне оқу жоспары сияқты үлгіні құрған кезде қол жеткізуге болады, ал нақтылықтың үлгісі ретінде жеке сабақтың конспектісін айтуға болады. Оқыту үрдісінің үлгісіндегі тізбекте бағдарлама оқу жоспарымен тікелей жақында орналасқан жинақталудың жоғары дәрежесінің звеносы болып табылады.
Бағдарлама курстың үлгісі ретінде әдістемелік жүйенің компоненттерін сипаттауы қажет-бұлар мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары, құралдары мен аталмыш жүйенің әрекет етуінің нәтижелері.
Осы компоненттердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты: мақсаттар қажет еткен нәтижелерді анықтайды, олар курстың мазмұнын іріктеген және құрылымдаған, оқытудың әдістері мен формаларын іріктеген және жасаған кезде жетекші фактор болып табылады, мазмұн, әдістер мен формалар оқытудың мақсатына жетудің, ең алдымен, мазмұнды игеру мақсатына жетудің белгілі құралдарын талап етеді.
Бағдарлама мұғалім мойнына алған кейбір міндеттерді сипаттайды., бұл өзінің оқу курсының құралдарымен оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға нақты үлес қосу міндеттері. Осы орайда, бағдарлама жалпы мұғалім қызметіне бақылау және өзіндік бақылауды жүзеге асыруға көмектеседі. Оқу бағдарламасы мұғалім жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды және сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелерін жасау бойынша нақты қадамдарын реттейді.
Авторлық бағдарламаны жасаған кезде төмендегі негізгі
қағиданы басшылыққа алған жөн:
Оқу бағдарламасы әдістемелік жүйенің жоғарыда аталған барлық компоненттерін сипаттайды, бағдарламада басты назар оқу курсының мазмұнына аударылады.
Оқу бағдарламасында төмендегі құрылымдық элементтерді бөліп алуға болады:
-түсініктеме хат;
-белгілі бір үлгіде құрылымдалған бағдарламаның негізгі мазмұны;
-жоспарланған нәтижені сипаттау;
-мұғалім үшін әдебиеттер тізімі.
Түсініктеме хатта аталмыш курс бойынша оқытудың мақсаты (немесе) міндеттері құрастырылуы керек, сол сияқты, курс бойынша жұмыс әдістемесінде қолданылатын әдістер мен формалардың қысқаша сипаттамасы болу қажет.
Мазмұнды құрылымдау мәтінде бөлімдерді және бөлімнің ішінде тақырыптарды бөліп алу ұсынады. Бұл жерде тақырыптың сұрақтарын қарастыру және бағдарлама мәтініндегі олардың иерархиясы көрсетілмейді. Бұл проблемалар мұғалім мен оқушылардың қызметін нақтылау деңгейінде тақырыпты жоспарлау және сабақтың конспектісін жасау арқылы шешіледі. Сол сияқты, бағдарлама тақырыптың жеке сұрақтарын оқуға уақытты анықтамайды, бағдарламада тек оқу жоспары курсты оқуға және бөлімдер мен тақырыптарға бөлінген сағат көрсетіледі. Жоспарланған нәтижені сипаттау көп жағдайда оқушылардың білімінің ретінің формасын қабылдайды. Бірақ, егерде сөз көркемөнер-эстетикалық циклы пәндерінің факультативтік курсы жөнінде болса, онда нәтижелер тек оқушылардың білім, білік, дағдысы ғана емес, сонымен қатар, танымдық қызығушылықтары мен кәсіптік жоспарындағы, практикалық қызметті игерудегі психикалық механизмдердегі (ойлау, қиялдау, есте сақтау және т.б.), оқушылардың психикасындағы өнімді және репродуктивтік салалар арасындағы өзара қатынастардағы өзгерістер, шығармашылықққа деген талпыныстың пайда болуы және шығармашылық қызмет тәсілдерін игеруде және т.б.
Бағдарламаның аталмыш элементіне деген талаптардың бірі ретінде жоспарланған нәтижені сипаттау негізінде оқушылардың курсты оқу нәтижесін тексеру жүйесін жасау мүмкіндігін есептеу қажет.
Бағдарламаның қосымша элементтері көбінесе, курстың практикалық бағыттылығын және көрнекілігін қамтамасыз ету проблемаларымен байланысты оқыту құралдары мен формаларын сипаттайды. Мысалы, жаратылыстану мәніндегі курстар үшін бағдарламада демонстрация жасау, практикалық және зертханалық және басқа да жұмыстардың тізімін қарастыру ойластырылған.
Авторлық бағдарламаны жасау үрдісінде бірнеше кезеңдер бар:
-іздеу кезеңі;
-бағдарламаның жобасын жасау кезеңі;
-эксперименттік оқыту;
-жаппай оқыту.
1. Іздеу кезеңіне екі кезең кіреді:
А) жаңа бағдарламаның қажеттілігін негіздеу;
Б) ғылыми-педагогикалық зерттеу; бұл жерде көкейтестілік екі жақты маңыздылық бірлігімен анықталады: аталмыш курс бойынша мақсатты оқытудың маңыздылығы және мұндай оқу курсы бағдарламасының жоқтығы. Кейбір жағдайларда талдаулар көрсеткеніндей бар бағдарламаны коррекциялау және модернизациялау қажет. Сонда авторлық бағдарлама комментарийлер, қосымшалармен қажетті сілтемелер жасау арқылы ауыстырылады және күш курсты әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге бағытталады.
Зерттеудің екінші кезеңінде оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиетке, ғылыми-зерттеулерге кеңінен талдау жасалады. Жалпы зерттеу кезеңінде бағдарламаны жасау көкейтестілігі және ол қандай болу керек екендігі анықталуы керек.
2. Бағдарлама жобасын жасау кезеңі. Бағдарлама мәтінін ресімдеудің жалпы ережелері жоғарыда сипатталады.
3. Эксперименттік оқыту кезеңі оқу бағдарламасында көрсетілген жеке шешімдер мен негізгі мақсаттың дұрыстығын тексеру қажет жағдайда бағдарламаның элементтерін коррекциялау, ең маңыздысы, жаңа бағдарлама бойынша қызмет әдістемесін жасау мақсатын көздейді.
Эксперименттік оқыту эксперименттік сыныптарда жүзеге асырылады. Эксперименттік оқыту сәттілігі оқушылардың үлгерімі бойынша анықталады (немесе курстың ерекшелігі және басқа критерийлер бойынша ). Эксперименттік оқытудың қорытындысында авторлық бағдарлама жасалады (оқу-әдістемелік кешеннің басқа да компоненттері пайда болуы мүмкін. Аталмыш бағдарламаны мектеп директоры АӘБ жетекшісінің келісімімен бекітуі тиіс.
Жаппай оқыту кезінде авторлық бағдарлама бойынша оқитын оқушылар саны мектеп мүмкіндіктері мен бағдарламаны жасауға берілген әлеуметтік тапсырыс арқылы анықталуы тиіс. Ол оқу сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Шаронова Н. В., педагогикалық ғылымдарының докторы,
Москва. «Завуч» журналы, 2000, №4-материалдары бойынша
№4 қосымша
Сын пікірдің мазмұны
1. Рецензияланатын жұмыстың атауы, автордың фамилиясы, инициалдары, жұмыс орны (білім мекемесі).
2. Қысқаша мазмұнын сипаттайды (кейде жазбайды); жұмыстың негізгі артықшылығы;
3. Төмендегі сұрақтарды аша отырып, жұмысты талдау (үлгі сызбасы):
-тақырыптың көкейтестілігі, жұмыстың атауы дұрыс құрастырылған ба және ол мазмұнына сәйкес келе ме?;
-жұмыстың мазмұнының мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламасына сәйкес пе?
-аталмыш жұмыстың осы тақырыпта жарияланған басқа жұмыстардан айырмашылығы, тақырыбы толық ашылған ба?
-жұмыстың аталмыш пәнді оқыту әдістемесіне сәйкестігі;
-жұмыстың мазмұнының ғылым мен техниканың қазіргі жағдайына сәйкестігі, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе қолданған ба?;
-баяндау стилі және тілі және жұмыстың мазмұны;
-нормативтік құжаттардың дұрыс қолданылуы, бірыңғайлылық сақталған ба, мәтінде терминологияның, әріптік белгілердің, формула символдарының артық болуы;
-беттер бойынша ескертулер;
-ескертулерді жою бойынша ұсыныстар.
4. Қорытынды:
-қорытынды және жұмысты одан әрі пайдалану бойынша нақты ұсыныстар.
5. Рецензия жасаушының жұмыс орны мен қызметін көрсете отырып, қолын қоюы.
Сын пікір білім мекемесінің ресми бланкісінде 2 данада жасалады немесе стандартты беттерде жасалып, мөрмен бекітіледі.
№5 қосымша
Әдістемелік әзірлемені қалай жасауға болады
Әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік) әзірлеме-бұл өткізілген педагогикалық іс-шара және оқылған ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік зерттеу) мұғалімнің талдау есебі.
Әдістемелік әзірлеменің (ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік) төмендегідей құрылымы болады:
-титулдық беті;
-кіріспе;
-талдау бөлімі;
-практикалық бөлімі;
-қорытынды; -әдебиеттер тізімі;
-қосымшалар;
Кіріспеде төмендегі сұрақтар сипатталады:
-тақырыптың көкейтестілігін негіздеу;
-зерттеу жүргізілетін сала шеңберін анықтау;
-жұмыстың мақсаты және болжанған соңғы нәтиже.
Талдау бөлімі әр түрлі әдебиеттерді талдау негізінде проблеманы ғылыми жағынан негіздеу.
Практикалық бөлім қойылған проблеманы шешу жолдары мен тәсілдерін баяндайды, әдістемелік экспериментті, оны ұйымдастыру ерекшеліктері мен мазмұнын сипаттайды. Қорытыныды бөлігінде сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша қорытынды жасалады, сол сияқты, алыңған нәтижелерді педагогикалық практикада қолдану бойынша ұсыныстарнұсқаулар жасалады.
Қосымшаларға таблицалар, диаграммалар, графиктер, сабақтардың конспектілері, бақылау хаттамалары және т.б. шығарылады.
Әдістемелік әзірлемелер төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1. Әзірлеменің мазмұнының таңдалған проблемаға сәйкестігі.
2.Баяндау сауаттылығы және әзірлемені ресімдеу сапасы.
3. Жұмысты өздігінен орындауы, материалды жасау тереңдігі.
4. Қорытындының негізделуі және дәлелденуі.
5. Жұмыстың практикалық мәнділігі.
2013 жыл
АӘК
Т. 4-51-43