top of page

Жаңалықтар

Новости

       2016  жылдың  желтоқсан  айында  Щучинск  қ.  №2  ОМ  базасында  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  «Нәтижеге  бағдарланған  білім  беру»  атты  тақырыпта  ғылыми-практикалық  конференция  өтті.  Конференцияда кәсіпқойлық  деңгейде  пікір  алмасу  үшін педагогтарға  жағдай  туғызу,  тиімді  педагогикалық  іс-тәжірибені  тарату мақсаты  қойылды. Қатысушылардың  назарына  төмендегідей  бағдарлама  ұсынылды:  бірінші  теориялық  бөлігінде келесі  тақырыптар  бойынша  қомақты  ойларын  баяндамашылар  ортаға  салды: «Тілді  тиімді  оқыту-тұлғаның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  негізі»-Рамазанова А.К.,  Щучинск  қ.  №8  М/Г  қазақ  тілі  мұғалімі,  АӘБ  жетекшісі,  «Бастауыш  мектеп  мұғалімі-реформалаушы  педагог»- Марандина  Е.Ю.,  ББ  әдіскері, «Шығармашылықпен  ойлайтын  тұлғаны  қалыптастыру  және  дамыту»- Жанаева  Г.К.,  Щучинск  қ.  №8  М/Г-ның  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары. Конференцияның  практикалық  бөлігінде  төмендегі  тақырыптар  бойынша  педагогикалық  шеберханалардың  жұмысы  ұйымдастырылды: «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясының  шеңберінде  қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеу», бастауыш  сынып,  қазақ  тілі  және  ағылшын  тілі  мұғалімдері  үшін  «Білім  беру  мазмұнын  жаңарту.  Ізденістер.  Проблемалар.  Перспективалары»  атты  шеберханалар,  «Дарынды  балалармен  жұмыс» шеберханасы.  Жұмыс  қорытындысының  соңында  әр  шеберхана  ұсынылған  проблема  бойынша  өздерінің  шығармашылық  жобаларын  презентациялады.  Шығармашылық  есеп  және  ғылыми-практикалық  конференция  элементтерінің  синтезінен  тұратын  конференция  қатысушылардың  өте  тиімді  өтті  деген бағасын  алды.

 Вотинова  Е.В.,  ББ  әдіскері

Шығармашылықпен  жұмыс  істейміз

bottom of page