
Бурабай ауданы білім бөлімінің виртуалдық әдістемелік кабинеті
Виртуальный методический кабинет отдела образования Бурабайского района
Инновации
Педагогтың зерттеу ұстанымының қалыптасуы.
Бүгін дүние жүзінің білім беру саласындағыдай, қазақстандық мектептің алдында зерттеулер мен жаңалық ашудың «алтын ғасырына ену үшін білім берудегі жаңа тәсілдерді анықтау, ойлау, оқыту, жұмыс, жалпы шығармашылық методологиясын ой елегінен өткізуді анықтау міндеттері тұр. 12 жылдық білім берудің парадигмасына сәйкес мектеп алдында, кез-келген уақытта пайда болған проблемаларды шешуге қабілетті, алған білімін өзгерген жағдайда пайдалана білетін шығармашыл, құзырлы тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Дәстүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалану тұлғаның дамуында жоғарыда аталған жетістіктерге жетуге мүмкіндік бермейді. Мектепте көптеген жылдар бойы жұмыс істеген мұғалімдер оқытудың сансыз әдістері мен формаларының уақыт ағымында келіп, кеткенін біледі. Жаңа уақыт біздің алдымызда жаңа шешімдерді іздеуді талап ететін жаңа міндеттерді қойып отыр.
Зерттеушілік әрекет- бұл баланың жасаралық қажеттілігі. Зерттеуге деген бейімділік барлық балаларға тән. «Балаларды қызығушылыққа үйретудің қажеті жоқ. Оларды қызығушылықтан алыстатып алуға болады, біздің ойымызша осындай трагедия біздің бала-бақшаларымыз бен мектептерімізде үстемдік етіп отыр». Балалар дүниеге келгенде бойында іздеушілік рефлексі болады: мынау не?, бұл қайда?, бұл неліктен?, бұл қандай? Барлық балаларды кішкене кезінен бастап дана деп айта алмаймыз. Бірақ әр баланың мықты жақтары бар, ол оның ізденушілік әрекеті.
«Дүниенің ең үздік білім беру жүйесі ретінде» зерттеу алға шығып отыр, білім беру жүйесінің ең нәтижелі зерттеушілерінің қорытындысы бойынша білім беру өнімінің (оқушының) сапасына білім беру ортасының әр түрлі факторлары әсер етеді, бірақ үш фактор нәтижелер сапасына тұрақты әсер етеді.
Слайд:
Мұғалімдерді дайындау сапасы және педагог мамандарды дұрыс таңдау (ең дамыған мемлекеттерде мектептердің ең үздік түлектері мұғалім болады, ал бізде орташа білімі бар түлектер мұғалім болып жатыр);
Мұғалімдердің біліктілігін үнемі жетілдіру, жас мамандарды қолдау және біліктілікті арттырудың әр түрлі формалары және олардың тиімділігін қамтамасыз ету (бізде мұғалімде 5 жыл сайын біліктілікті арттыру курсын өтеді, бірақ нәтижелері үшін өздерінің жауапкершіліктерін сезінбейді және оны ешкім тексермейді); Әр баланың нәтижелерін үнемі бақылау, күтілетін нәтижелердің нақты стандарттары, артта қалған оқушыларды қолдау құралдары, әр баланың дамуының мониторингісі (бізде жалпы білім беру жүйесін өлшеу, динамиканы емес, статистиканы талқылау дағдыға айналған).
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Халықаралық іс-тәжірибе педагогтардың кәсіптік дамуын сыныпта болып жатқан деңгей арқылы көрсетуді ұсынады. Talis-2009 зерттеулері идеяларымен және ақпаратпен алмасатын және өз қызметін басқа мұғалімдермен үйлестіретін мұғалім өз мектептерінде мұғалімдер мен оқушылардың жақсы қарым-қатынастарын атап көрсетеді, ал кәсіптік даму бойынша іс-шараларға белсенді қатысатын мұғалімдер балалар білімінің үздік нәтижелерін көрсетеді.
Сингапурда мұғалімдерге еңбек ақы төлеу жүйесі олардың жұмысының нәтижесіне тәуелді. Бұл жүйенің тиімділігі бағалау жүйесіне және мектеп директорларының жоғары құзырлылығына байланысты. Бағалау үрдісі күрделі, бірақ осы елде азаматтардың білім сапасы өте жоғары.
Баланы мұғалім өз қызметінде зерттеуге қатысты ойлау және әрекет ету тәсілдерін игерген және қолданған жағдайда ғана, сол сияқты, өз қызметіне рефлексия жасаған кезде ғана үйрете алады. Қоғамдық дамудың жаңа талаптары, білім беруде жүзеге асырылып жатқан бағыттар мен өзгерістер, ондағы модернизациялауға деген қажеттілік кәсіптік педагогикалық қызметте зерттеу функциясының рөлін күшейтіп отыр. Бұл мұғалімдердің жоғарғы оқу орнында алған біліміне қоса жаңа білім алуын қажет етеді, түлектерді дайындау бойынша тікелей педагогикалық практикасында олардың зерттеу тәжірибесінің өсуіне жедел көмек көрсету қажеттілігін тудырады. Бұл тәжірибенің көрсеткіші ретінде мектеп қабырғасында басталып, жоғарғы оқу орнында жалғасатын зерттеу біліктері болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық практика тек іс-тәжірибесі қалыптасқан педагогтар ғана емес, сол сияқты, жас педагогтар да зерттеу біліктерін толық игермеген. Педагогикалық қызметтің табиғаты сапалы зерттеу біліктерінің болуын талап етеді. Қазіргі мектепте болып жатқан инновациялық үрдістер мұғалімнен үнемі білімдерін жетілдіруді талап етіп қоймайды, сол сияқты қызметіне шығармашылық элементтерін енгізуді, оқу-тәрбие үрдісінде туындаған проблемаларды шешуде зерттеу тәсілін қолдануды жүзеге асыруды қажет етеді. Бұл жағдайда бүгінгі педагогқа өз қызметін ғылыми тұрғыдан ой елегінен өткізуі, педагогикалық мәдениеттің негізі ретінде зерттеу дағдыларын игеруі керек. Зерттеу қызметі оқу жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады (мұғалім оқып, білімін толықтырған кезде ғана өмір сүреді, өзі оқитын мұғалімнің ғана оқытуға құқы бар).
Зерттеу үрдісінің ерекше белгісі-жұмыстың барлық кезеңдерінде олардың белсенді ұстанымы болып табылады.
Педагогтың шығармашылық қызметі олардың ғылыми-әдістемелік қызметінің мазмұнымен байланысты, оның мәні төмендегідей:
1) Зерттеу бағытын таңдай білу және кеңесшінің көмегімен көкейтесті болып табылатын тақырыпты құрастыру, оны жүзеге асыру барысында теориялық жаңашылдық және практикалық қызығушылық тууы қажет.
2) Нақты пәннің және базистік ғылымдардың дидактикалық және психологиялық жағынан оқытылу әдістемесінің теориялық негіздерімен және ғылыми-терминологиялық апппаратымен танысу, өзі үшін негізгі әдістемелік категорияларды түсіну және әдістемелік терминологияны дұрыс пайдалана білу;
------------------------------------------------------------------------------------------------
Слайд3) Ғылым-зерттеу жұмысының дағдыларын игеру, яғни, білу керек:
-зерттеу тақырыбының көкейтестілігін негіздеу, негізгі мақсатты, міндеттерді, объектіні, гипотезаны және зерттеудің болжанған практикалық нәтижесін анықтау, қажетті зерттеу әдістерін таңдап алу және зерттеу барысында оларды қолдана білу;
-өзіндік билиографиялық ізденіс жасау, теориялық әдебиетпен тақырыпты таңдағаннан кейін жұмыс жүргізу, талдау, топтау, бар деректердің практикалық мәнділігін бағалау және осы негізде өзіндік қорытынды жасау;
-алынған теориялық деректердің негізінде практикалық оқу материалдары мен жинақтарын жасау;
-эксперименттік-педагогикалық зерттеулердің әр түрлі әдістемелерін пайдалану және автордың жасаған үлгісі және өзінің дидактикалық материалдары бойынша сынақ оқытуларын жүргізу;
-орта мектептің оқыту практикасына авторлық әзірлемелерді және алынған теориялық қорытындыларды енгізу жолдарын көрсету, сол сияқты, жүзеге асырылып отырған проблемалық тақырыптың одан әрі жүзеге асырылуын перспективасын жасау;
-жазба-әдеби стилінің ғылыми дағдылары мен біліктерін игеру және өз зерттеулерінің барыс мен нәтижелерін сауатты баяндай білу;
-өз зерттеулерінің теориялық негіздері мен практикалық мәнін жұрт алдында ауызша қорғай білу.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Әрине, аталған біліктердің сапасы жоғары болады, егер мұғалімнің өзі ойлау үрдісі сияқты шығармашылық қызметтің негізгі бағыттарын игерген болса. Айтылғандардан белгілі болғаны, қойылған міндеттерді шешубасты мақсатқа жетудің- яғни, қазіргі әлеуметтік орта талаптарына сәйкес мұғалімнің инновациялық мәдениеттің қалыптасуының кпілі болып табылады. Ең соңында, бұл оқыту тиімділігін арттыруға және орта мектепте барлық оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге әкелуі тиіс.
Педагогикада «мұғалімнің зерттеу мәдениеті» деген түсініктің әр түрлі анықтамалары бар. Слайдтар:
-инновациялық қызметтегі белгілі бір тәсіл және мұғалімнің өзіндік шығармашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесі;
-педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдерін игерудің белгілі дәрежесі және тұлғалық белгісі;
-мұғалімнің кәсіптік ойлауы мен санасының ерекшеліктерін сипаттайтын және шығармашылық кәсіптік қызметте көрінетін қабілеттер;
-мұғалімнің шығармашылық кәсіптік дамуын, оның өзіндік жетілуге талпынысын қамтамасыз ететін жаңа білім және біліктердің көзі.
Педагог ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу тәжірибесін жеке зерттеу тақырыбын, кәсіптік өсу бағдарламасын және кәсіптік рефлексия арқылы психологиялық-педагогикалық талдауды жасау арқылы игереді. Зерттеу мәдениеті анықтамасынан аңғарғанымыз педагог мамандармен жұмыстың стратегиясын мектептің барлық мұғалімдерінің зерттеу құзырлылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау үшін өзгерту қажет.
Бірінші шарт: ғылыми-әдістемелік оқуларды, «Инновациялық білім беру» тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік семинарды ұйымдастыру, бұл сәтті оқытудың әдіс-тәсілдерін, қазіргі педагогикалық технологияларды зерттеу және кәсіптік қызметте пайдалану мақсатында мұғалімдердің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығын арттыруға ықпал етеді.
Екінші шарт: жеке зерттеу тақырыбын, кәсіптік өсу бағдарламасын және кәсіптік рефлексия арқылы психологиялық –педагогикалық талдауды жүзеге асыру арқылы педагогтың ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу тәжірибесін алу болып табылады.
Үшінші шарт: диагностикалау білігінің негізінде жаңа типтегі мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасты игеруі болып табылады. Осы шарттардың орындалуына көңіл бөлу - бұл мұғалімнің кәсіптік қалыптасуының негізгі факторы болып табылады.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Слайд
Зерттеу қызметі үлгісінің қалыптасуын төмендегі алгоритмдер анықтайды:
-жалпы мектептің және әр сыныптың жеке білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық талдау негізінде мұғалімнің жеке әдістемелік кешенін жасау үшін оқу бағдарламасын түзету;
-әр оқу курсының идеяларын бөліп алу;
-ақпаратпен жұмыста жалпы қағидалар мен тәсілдерді бөліп алу арқылы әр түрлі пәндік курстар арасында өзара байланыс орнату;
-оқушылармен бірлескен оқу әрекеттерін жоспарлау және жасау;
-оқушылардың тұтас (жүйелік, сыни тұрғыдан ) ойлауын қалыптастыратын қорытынды сабақтарды бөліп алу;
-қосымша білім беру жүйесіне шыққан сабақтарды тікелей басқару арқылы оқушылардың жұмыс белсенділігін арттыру (авторлық арнайы курстар);
-зерттеу жұмысының материалдары бойынша оқушыларды библиография негіздерімен таныстырып, үйрету;
-мұғалімнің оқушылардың оқу тапсырмаларымен және зерттеу жобаларымен жұмысында білімін бағалау үшін ұйымдастыру әдістемелік нұсқауларын жасауы;
-оқушылармен бірлескен қызметінің қорытындысы бойынша кестелер, диаграммалар, графиктер, схемалар түрінде қорытынды шешімді қалыптастыру;
-ғылыми кеңесшілер мен рецензия жасаушыларға тарата отырып, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық конференцияларында дайындалған деректер бойынша баяндамаларды әзірлеу,
-баспа материалдарында жұмыс нәтижелерін жариялау;
-авторлық дидактикалық материалдарды жасау және басылымдарда жариялау (оқу плакаттары, схемалар, әр түрлі оқу мүмкіндіктері бар оқушылар үшін зерттеу мәніндегі жеке тапсырмаларды жасау);
-ғылыми мақалада зерттеу қызметінің бағдарламасы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау).
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Зерттеу білігінің қалыптасу критерийлері ретінде зерттеу қызметіне дайындықты айтамыз, бұл педагогтың кәсіптік-тұлғалық сапасының жинақталған жалпылама жүйесі.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Слайд
-ынтасында және шығармашылық жұмысында көрінетін ынталық-тұлғалық дайындығы;
-арнайы ғылыми, философиялық, психологиялық және педагогикалық білімдерін игеру деңгейімен анықталатын теориялық-танымдық дайындығы;
-зерттеу жұмысының техникасын, оны ұйымдастыру, талдау және коррекциялау біліктерін игерген конструктивтік-жобалау дайындығы.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Зерттеу біліктерінің қалыптасу жүйесіне біліктілікті жетілдірудің дәстүрлі құрылымдарымен бірге мұғалімдердің кәсіпқойлығын дамытудың арнайы жаңа формалары да кіреді. Бұл-білім мекемесінің деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын педагог зерттеушінің мектебі, зерттеуші мұғалімдердің уақытша шығармашылық топтары (УШТ), яғни, мұғалімдердің ерікті бірлестіктері. УШТ-дың қызметінің негізінде зерттеу қызметіне деген қажеттілік белгілі бір топ педагогтарында қызығушылықты зерттеу тақырыбының болуы, зерттеу қызығушылықтары мен бірлескен әрекетке деген қабілеттерінің үйлесуі жатыр.
УШТ-дың қызметінің күтілетін нәтижелері: зерттеліп отырған проблема бойынша нәтижелерді презентациялау, мұғалімдердің зерттеу тақырыбы бойынша теориялық білімдермен қарулануы, зерттеу тақырыбы бойынша әріптестері үшін құжаттар пакетін әзірлеу (жадынамалар, зерттеу проблемасы бойынша библиография, білім беру бағдарламалары), зерттеуші мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, зерттеу проблемасы бойынша теориялық семинарларды және конференцияларды өткізу, зерттеу тақырыбы бойынша презентацияларды жасау және авторлық шеберханалар жұмысын өткізу, зерттеу тақырыбы бойынша авторлық курстарды өткізу. УШТ-дың қызметінде директордың орынбасарының рөлі зерттеу проблемасы бойынша қажетті ғылыми әдебиеттерді іздеумен, алынған зерттеу материалдарын ресімдеумен, аралық кеңес беруді ұйымдастыруымен анықталады.
Жоғары санат мұғалімдері- бұл қазіргі мектептің педагог мамандарының алтын қоры. Оларды басқаларынан мамандығы бойынша ұзақ практикалық еңбек өтілі, тұрақты оң жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін практикалық жетісітіктерінің жоғары деңгейі ерекшелендіреді.
Тәжірибе жүргізу тәртібінде жұмыс істей отырып, осы санаттағы мұғалімдер өз қызметінің қорытындыларын ой елегінен өткізу проблемасымен, өз іс-тәжірибесін жинақтау мәселесімен, өзіндік әдіс-тәсілдерін, қолданған жұмыс әдістері мен формаларын сипаттау, жүйелеу проблемаларымен жиі бетпе-бет келеді. Аталмыш проблема мұғалімнің педагогикалық қызметін жұмыстың авторлық технологиясы, авторлық тұжырымдамасы және оны жеке бөліктерімен жүзеге асыру түрінде педагогикалық қызметті жүйелі ұсыну қажеттілігіне байланысты көтеріледі. Шығармашыл тұлғалар ізденіс, эксперимент тәртібінде оқыту деңгейіне көтеріледі. Өкінішке орай, көп жағдайда мектеп әкімшілігі мұндай шығармашылық талпынысты көре бермейді, әрине көрмеген соң білім беру практикасының үрдісі мен нәтижелерін ғылыми жағынан ресімдеуге көмектесе алмайды.
Еңбек өтілі мен іс- тәжірибесі жағынан өз әріптестерінің арасында беделді бола отырып, олардың жұмысын күнделікті практикасындағы сандық көрсеткіштерімен ғана бағаланбай, сонымен қатар, тұжырымдамалық ресімдеу негізінде білім беру элементтері сапалық жағынан жүйеленуі қажет.
Қазіргі ғылым шебер мұғалімнің практикалық қызметі басқаларынан ұзақ мерзімді стратегияны жасауымен ерекшеленетіні дәлелденді (қазіргі технологиядағы түсінік бойынша). Жобалау, білім беру қызметін технологияландыру деңгейіне шығу тәжірибелі мұғалімнен ғылыми-зерттеу құзырлылықтарын игеруді талап етеді. Мұғалім жұмысындағы аталмыш жетістіктерді бағалау-бұл жоғары біліктілік санатын беру болып табылады.
Мұғалімнің кәсіптік құзырлылығын дамыту және жетілдірудің механизмдерінің бірі-бұл педагог мамандарды аттестациялау жүйесі болуы мүмкін және болуы керек, мұны педагогикалық еңбек нәтижелілігін (өнімділігін) және кәсіпқойлық деңгейін кешенді бағалау деп түсінуге болады. Біздің ауданымызда педагог мамандарды аттестациялауды өткізу практикасы және нұсқаулық-әдістемелік материалдарды талдау аттестациялаудың ретроспективтік мәні бар екенін көрсетеді, яғни, біліктілік санатты беру үшін мұғалімнің өткен жылдардағы қызметінің нәтижелілігі негіз болуы тиіс, алайда, біз көріп отырғанымыздай, мұғалім тек аттестациялау жылы ғана дайындалады. Аттестациялау үрдісінің үлгісі мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуды, кәсіптік құзырлылықты дамытуға және жетілдіруге ынталандыратын құралдар мен механизмдерді қосуды, педагогикалық еңбектің сапасын, кәсіптік деңгейді жетілдіруге бағытталған педагогикалық жағдайлар кешенін жүзеге асыруды көздейді. Бірақ педагог мамандарды аттестацияланудың биылғы нәтижелері бұл бағыттағы мектеп әкімшілігінің және педагогтардың жеткіліксіз жұмысының нәтижесін көрсетіп отыр. Ұсынылған портфолилардың көпшілігі мұғалімдердің зерттеу қызметінің нәтижесін, іс-тәжірибесінің нәтижелілігін, оның практикалық бағыттылығын көрсетпейді. Аттестациялаудың негізгі шарттарының бірі курстық қайта даярлаудан өту болып табылады, алайда педагогтардың үлкен пайызы аттестациялаудан өтпеген. Портфолионы қорғау көп жағдайда теориялық семинарға айналды десек артық болмас, ұсынылған слайдтар ешқандай нормаларға сәйкес емес. Мұғалімдер қорғауға дайын емес, мектептерде портфолионы қорғау ұйымдастырылмаған. Көптеген директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары өз мұғалімдерінің презентацияларына қатысқан жоқ. Жылдан жылға бірінші санат мұғалімдерінің саны өсе үстінде, алайда білім сапасының көтерілетін түрі жоқ, аудан деңгейінде іс-тәжірибені жинақтау азайып отыр, педагогикалық ынта-жігер аудан педагогтарының мұндай біліктілік деңгейі үшін жеткіліксіз. Құрметті әріптестер, бұл жағдай жайында біздің ойлануымыз қажет!!!
Жоғары санатқа берген шебер мұғалімнің шығармашылық жетістіктерін бағалаудың бір түрі оның экспериментке қатысуы болып табылады. Эксперимент негізінде мұғалім практикасына дидактикалық материалдар кешенін енгізе, жаңашыл мұғалімдердің идеяларын инновациялық тәртіпте сынақтан өткізе алады. Педагогикалық жаңашылдықты нақты сыныптың, бейіннің, деңгейлік саралау тобының сұраныстары мен мүмкіндіктеріне сай бейімдеу үрдісіне кірісе отырып, энтузиаст –мұғалім аталмыш идеяларды қайта өңдеуге қабілетті, сол сияқты, идеяларды дамыту негізінде өз әдістемесін, технологиясын жасай алады. Авторлық құқық жөніндегі Заңға сәйкес базалық жаңашылдық мәтініне қатысты жиырма бес және одан да көп пайыз түрінде өз әдістемелік жинақтарын педагогикалық қауымдастыққа сипаттап, ұсынса онда авторлық құқыққа ие болуға үміткер бола алады. Мұғалім өз тұжырымдамасының ережелерін авторлық бағдарламаны, модульдік және факультативтік курс бойынша құралын жасай және сынақтан өткізе алады.
Эксперимент – бұл зерттеу қызметі, ол ұсынылған гипотезаны тексеруге арналады, ол басқарылатын және бақыланатын жағдайда жүзеге асырылады, оның нәтижесі жаңа білім, білім беру нәтижелеріне ықпал ететін мәнді факторларды бөліп алу екені белгілі. Бұл өзара байланысты іс-шаралар кешені, ол белгілі бір уақыт ішінде нәтижеге бағдарланған және оларды жүзеге асыруда адымдық жылжу негізінде педагогикалық жүйені кешенді өзгерту болып табылады.
Экспериментке сәйкес, соңғы нәтижелері бар шешілетін проблемалардың бинарлық компоненттері түрінде көз алдымызға елестетуге болады:
1. Мұғалім-білім беру қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмыс істеуін жалғастырады. Оқушылар ұтымды вариантта оқытудың жобалау-зерттеу, қызметтік тәртібіндегі оқыту деңгейіне шығады. Оқушылардың сапалық жетістіктері зерттеледі, олар сынақ, бақылау жұмыстары, аралық және қорытынды тестілеу, емтихан негізінде тіркеледі. Мұның соңғы құнды өнімі-жоғары білімді, тәрбиелі, сәтті әлеуметтенетін мектеп түлегі болып табылады.
Мұғалім өз шеберлігін жетілдіру, өзінің авторлық тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді. Эксперименттік тәртіпте білім берудің өзіндік технологиясының жобалау кезеңінен жұмыс гипотезасын қалыптастыруына, одан кейін адымдық жүзеге асыруына дейін рефлексиялық жүйеде зерттеледі. Соңғы өнім-зерттеуші мұғалім, жоғары санатты мұғалім, ол білім беру кеңістігін құра алады, бұл әрекет қазіргі даму сұрақтарына жауап береді.
Бағдарлама және аралық соңғы нәтижелер диагностикасының бағалау шкаласы жасалады. Эксперимент базасының дайындығы эксперименттік және бақылау сыныптарын, топтарын анықтауымен сипатталады. Зерттеуге қатысқан мұғалім мен оқушылардың ынталары үйлестіріледі. Бұл жерде жеке сұрақтарды шешуге оқушыларды қатыстыру мақсатында функциялар бөлініп беріледі. Аталмыш кезеңде эксперименттің ғылыми жетекшісі, кеңесшісі, оппоненттері анықталады. Экспериментке шығу АӘБ жетекшісімен, білім мекемесінің әкімшілігімен келісіледі. Қызығушылық танытқандар тарапынан сабаққа аралық қатысу кестесі және эксперимен «тазалығын» бақылау формалары жасалады. Мұғалім аталмыш проблема бойынша теориялық жұмыстармен, басылымдардағы әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысады. Бұл зерттеулерді әдістемелік жағынан қамтамасыз ету керек.
Мұғалімнің зерттеуінің (эксперимент) негізінен қолданбалы мәні бар. Сондықтан эксперимент тақырыбы мұғалім мен мектеп үшін маңызды проблема ретінде анықталады. Эксперимент тақырыбы ретінде бұрынғы тәжірибесін жүйелеу міндеті түрінде өз пәнін оқытудың бірыңғай авторлық жүйесі таңдалып алынуы мүмкін.
Біздің мұғалімдердің эксперименттік-зерттеу жұмысына қатысуы ерекше назарда. Бүгін ең тиімді тақырып мұғалімнің әдістемелік тақырыбы екенін түсінеміз. Қазір әдістемелік тақырыпты қалыптастыру практикасы зерттеу жұмысының мақсаттары мен талаптарына сәйкес келмейді. Эксперимент тақырыбында соңғы нақты нәтижеге жету мәні болу керек (ең алдымен, белгілі құзырлылықтарды қалыптастыруына бағытталуы тиіс.)
Эксперментке заңды статус беру және мұғалімнің назары мен қызығушылығын мектеп жарғысының талаптарымен үйлестіру, эксперименттің сәтті өтуіне мектеп әкімшілігінің мүшелерін тарту мақсатында ұсыныс-негіздемені бекіту және беру қажет. Бұл ұсыныста экспериментке қатысушы мұғалім туралы негіздеме беріледі. Ең маңызды шарттардың бірі-бірінші біліктілік санаттың болуы және тәжірибеші мұғалім тәртібіндегі жоғары жұмыс деңгейінің болуы деп есептейміз. Қысқаша мақсаты мен міндеттері, зерттеу проблемасы, эксперименттік базасы, кезеңдері мен мерзімдері, соңғы нәтижелері ұсынылады. Эксперименттік-зерттеу жұмысына тарту негізінде мұғалімнің жаңа ойлау жүйесі қалыптасады. Егер эксперимент жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтсе, онда тәжірибеші мұғалім зерттеуші мұғалім деңгейне өтеді. Бұл мұғалім өз ауданының білім беру кеңістігінде, әдістемелік бірлестікте көшбасшылар тобына өтеді. Қорытынды кезеңде эксперименттік-зеттеу жұмысының нәтижелері бойынша «мәтін» жазудың маңызы зор. «Мәтін» ғылыми реферат, ғылыми журналда жариялауға арналған мақала, қорытынды жинақ, аттестациялық комиссияға ұсыну үшін біліктілік жұмыс формасында болуы мүмкін.
Аталмыш кезең әріптестер қауымдастығында алынған нәтижені әлеуметтендіру үшін қажет. Мұғалім өзінің іс-тәжірибесінің нәтижелерін мұғалімдердің жаппай практикасына ауысуына ықпал ету керек. Жетістіктернегізінде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру үшін базалық алаңның, авторлық алаңның құрылуы мүмкін, сол сияқты, жас педагогтарды оқыту, тәлімгерлікті ұйымдастыру, әдістемелік бірлестікке жетекшілік ету және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру. Адам әлеуметтік тұлға болғандықтан, ол мектепте ойлау арқылы мақсатты сөйлей білуге, ақпаратты алуға және беруге, әдебиетпен жұмыс істеуге, пікірталасқа түсуге және баяндама оқуға, өзін және басқаларды тыңдауға үйренеді. Балалардың зерттеуге деген қызығушылығын шығармашылық қуанышын оятуға, зерттеуге үйретуге оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы бағытталған. Әр ғылыми қоғамның шығармашылық қызметі ғылым білгірлерінің конкурсын немесе интеллектуалдық конкурсын, ғылыми шеру, викториналық кештерді дайындап, өткізуімен сипатталады. ОҒҚ-ның мұндай қызметі және секциялардағы жұмыс әр оқушының қатысуын мәнді етеді, балалардың көпшілігінің зерттеу және эксперименттік жұмысқа қатысуын ынталандырады.
Қандай жоспар құрсақ та оны мұғалім жүзеге асыруына тура келеді. Осы орайда, мұғалім жалпы елімізде және жекелей мектепте білім беруді модернизациялаудың негізі бағыттарын жүзеге асыруда орталық звено болып табылады.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстағы инновациялар-бұл даму тәртібінде жұмыс істейтін педагогикалық ұжымның инновациялық қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Бұл бағытта дайын рецептер жоқ, қателер мен әрекеттердің жұлдызды жолы бар, бір орында тұрмай, уақыт ағынымен бірге ілесуге мүмкіндік беретін қызметті көре білу, қажетті нәтижені болжай білу қажет.