top of page

Жаңалықтар

Новости

Интеллектуалдық  марафон  «Білімге  жол»

       «Білімге  жол» балалардың  интеллектуалдық  марафонының  облыстық  кезеңі  Щучинск  қ.  №7  мектеп-лицейінің  базасында  өтті. Іс-шараның  басты  мақсаттары  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру,  педагогтар  мен  оқушылардың  білім  беру  қорлары  мен  технологияларға  қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету,  балаларды  жан-жақты  қолдау  және  олардың  шығармашылық  кабілеттерінің  өзіндік  жүзеге  асуына  ықпал  ету  болып  табылады.

       Бурабай  ауданының  намысын  5  команда  қорғады.  Іс-шара  төрт  бөлімнен  тұрды:  ашылуы,  конкурстық  бөлім-командалардың  тапсырмаларды  орындау  арқылы  «станциялардан»  ретпен (маршруттық  бетке  сәйкес) өтуі  және  конкурстың  жабылуы, оған  концерттік  бағдарлама  және  қатысушылар  және  фестиваль  лауреаттарын  марапаттау  кірді.

       Щучинск  қаласы  мектеп-интернатының  тәрбиеленушілері  «Табиғатты  қорғаушылар»  номинациясында  жеңімпаздар  атанса,  Щучинск  қаласы  №8  М/Г  оқушылары  «Жас  математиктер»  номинациясында  үздіктер  қатарында  болды,  ал  «Шұғыла»  шағын  орталығының  тәрбиеленушілері  «Жас  полиглоттар»  номинациясында жеңімпаз  атанды.  «Жас  өркен»  номинациясында  Щучинск  қаласы  №9  М/Г  жас  гимназшылары  жеңімпаз  атанды.

      Жас  таланттарға  дипломдар  мен  кубоктар,  білім  беру  орталығында  оқу  үшін  сертификаттар,  жеке  сыйлықтар  берілді.

   

Марандина  Е.Ю.  білім  бөлімінің  әдіскері

bottom of page