top of page

Жаңалықтар

Новости

Психологтар  оқып  үйренуде

   2017  жылдың  ақпан  айында  Щучинск  қ.  «Арман»  МТОТЖО  базасында  ауданның  білім  беру  ұйымдарының  педагог-психологтары  үшін  «Төменгі  және  орта  буын  оқушыларының  арасында  аутодеструктивтік іс-әрекеттің  алдын-алу»  тақырыбы  бойынша  семинар-практикум  өтті.  Іс-шараның  мақсаты:  психологтардың  кәсіптік  құзыреттіліктерін  арттыру,  осы  бағыт  бойынша  іс-тәжірибені  тарату  болып  табылады.  Семинар  жұмысына  аудан  мектептерінің  33  педагог-психологтары  қатысты.  ББ  әдіскері  Вотинова  Е.В.  оқу-тәрбие  үрдісін  нормативтік-құқылық  жағынан  қолдау  жүйесімен,  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайындағы  қызметтің  жаңа  міндеттерімен  таныстырды.  Әлеуметтік  желілердің  кері  әсеріне  байланысты  төменгі  және  жоғары  сынып  оқушыларының  арасында  аутодеструктивтік іс-әрекеттің  таралуының  алдын-алу  бойынша  іс-тәжірибесімен   Щучинск  қ.  №1  М/Г-ның  педагог-психологы  Е.В.  Боргуль  бөлісті.  Қатысушылар  кәмелетке  толмаған  қыздардың  ерте  жүкті  болуының  алдын  алу  жұмысын  ұйымдастыру  үшін  жағдай  жасау  бойынша  психологтардың  жұмысына  қатысты  сұрақтарды  талқылады  (Анисимова  Г.А.,  «Арман»  МТОТЖО  педагог-психологы).  Щучинск  қ.  №6  ОМ  психологы  Синотова  А.А.  әр  түрлі  жұмыс  формалары  арқылы  біліктілік  арттыру  курстарынан  алған  ақпараттарды  ұтымды  біріктіріп,  қатысушылардың   назарына  ұсынды:  психологиялық  жаттығу-ассоциацияларды,  миға  шабуылдарды,  ақпараттық  хабарламаларды,  психологиялық  және  рөлдік  ойындарды,  топтық  жұмыстар  және  мұқият  таңдалған  презентацияларды  пайдаланды.

      Семинардың  барысында  оқу-тәрбие  үрдісін  психологиялық  жағынан  қолдаудың  көкейтесті  міндеттерін  шешу,  төменгі  және  жоғары  сынып  оқушыларының  арасында  аутодеструктивтік  іс-әректтің  алдын-алу    бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  жасалды.

bottom of page