top of page

Жаңалықтар

Новости

Директорлардың  кездесуі

      24  ақпан  2017  жылы  Щучинск  қ.  №4  ОМ  базасында  аудан  мектептерінің  басшылары  үшін  ашық  есік  күні  өтті.  Тақырыбы: « Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру- білім  беру  ұйымдарының  бәсекеге  қабілеттілігінің  негізі». 

      Мақсаты  мектепте  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру   Жобасын  жүзеге  асыру  нәтижелерін  презентациялау  болып  табылатын  аталмыш  іс-шараға  қатысушыларының  назарына  мазмұнды  бағдарлама  ұсынылды. 

     Іс-шараның  бірінші  жартысында  28  ашық  сабақ  көрсетілді.  Екінші  бөлігінде  Щучинск  қаласының  №4  ОМ  жұмысы  жайлы  бейне  ролик  көрсетілді.  Щучинск  қ.  №4  ОМ  директоры  Жүсіпова  Б.К.,  директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Қасымова  Ю.В.  2014-2017  оқу  жылдарындағы  мектепте  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  Жобасын  жүзеге  асырудағы  өнімдерін  презентациялады.  Зеленобор  М/Г-ның  директоры  Бейсембаева  К: А.,  директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Пустовар  С.М.,  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Хасенова  А.Б.  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруда  педагогтар  әлеуетін  өсірудегі   мектеп  басшысының  рөлін  көрсетіп,  дарынды  балалармен  жұмыс  моделін  презентациялады.   Директорлармен  өткізілген  іскерлік  ойын  барысында  (Сейдахметова  Г.И.,  Щучинск  қ.  №8  М/Г  директоры)  мектептің  стратегиялық  құжаттарын  талдау  бойынша  шығармашылық  топтарға  жұмыс  ұсынылды.

       Ашық  есік  күнінде  №4  ОМ   шығармашылық  қызығушылықтарын,  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберліктерін  көрсетті.

      Мектеп  психологы  Бойко  О.Н.  семинардың  рефлексиясын  сәтті  өткізді. Іс-шара  жөніндегі  қатысушы  директорлардың  пікірлері  таңдалған  тақырыптың  көкейтестілігін,  жоғары  ұйымдастыру  деңгейін,  оның  мазмұнының  тиімділігін  көрсетті.  Шығармашылық  есеп  пен  семинар  элементтерінің  синтезі  жүйесінде  ұсынылған  ашық  есік  күнінің  формасы  барлық  қатысушылардың  ойынша  өте  тиімді  болды.   

bottom of page