
Бурабай ауданы білім бөлімінің виртуалдық әдістемелік кабинеті
Виртуальный методический кабинет отдела образования Бурабайского района
Инновации
«Мектептегі әдістемелік жұмысты жоспарлау» бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Әдістемелік жұмыс-білім беру қызметінің негізгі түрі, бұл мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеру, оларды сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда шығармашылықпен қолдану, білім беру үрдісін тиімді формалармен, әдістермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы. Мектептің әдістемелік қызметінің тиімді жұмысы мұғалімдердің кәсіптік жағынан өсуі үшін, кәсіптік және тұлғаралық қатынастардың дамуы арқылы педагогикалық ұжымның нығаюы үшін алаңның құрылуымен байланысты.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістерінің бірі жоспарлау болып табылады. Тиімді жоспарлау- бұл өзгеріске, дамуға ықпал ететін жоспарлау болып табылады. Жаңа мектептің пайда болуы - бұл ұзақ та, күрделі үрдіс. Ол-білім беру мазмұнын жаңартуды және жетілдіруді талап етіп қоймайды, сонымен қатар, кәсіпқой, шебер, жасампаз мұғалімді қалыптастыруға қабілетті білім беру мекемесінің қазіргі әдістемелік қызметін қалыптастыруды талап етеді. Мектепте жоғары білікті, кәсіпқой мұғалімді қалыптастыру көптеген төмендегі факторларға тәуелді:
-педагогтардың өсуі және дамуы үшін жағдай жасау;
-педагогикалық ұжымның кәсіптік деңгейін зерттеу және оның дамуын болжау;
-мұғалімдермен жұмыста жеке тәсілдердің болуы.
Сондықтан әдістемелік жұмыстың ойластырылған жүйесі болуы қажет.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау
Әдістемелік жұмысты жоспарлау-білім беру мекемесі қызметін басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас элементі болып табылады. Жоспарлау-бұл белгілі бір тұлғаның, ұйымның, бірқатар ұйымдардың немесе аймақтағы, елдегі барлық азаматтар мен ұйымдардың мақсаттарына жетуге бағытталған әрекеттер жиынтығы. . Жоспарлау-бұл ұйымның әрекет етуі мен дамуының мақсаттарының жүйесін анықтау, сол сияқты, оған қол жеткізудің құралдары мен жолдарын анықтау болып табылады. Кез-келген ұйым жоспарсыз әрекет ете алмайды, өйткені, төмендегі жағдайларға қатысты басқару шешімдерін қабылдау қажет:
-корларды бөлу;
-жеке бөлімдердің арасында қызметті үйлестіру;
-сыртқы ортамен қарым-қатынасты үйлестіру;
-тиімді ішкі құрылымды жасау;
-қызметті бақылау;
-ұйымның болашақтағы дамуы.
Жоспарлау шешімнің уақытында қабылдануын қамтамасыз етеді, шешімді жылдам қабылдағанда қателік жібермеуге мүмкіндік береді, нақты мақсатты және оны жүзеге асырудың нақты тәсілін қалыптастырады, сол сияқты, жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен, жоспарлау үрдісінде төмндегілерді бөліп алуға болады:
-мақсат қою үрдісі (мақсаттар жүйесін анықтау);
-мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының үйлесуі (үйлестіру);
-даму үрдісі және мектеп жұмысының әрекет етіп отырған жүйесі мен оның болашақ дамуының бірлігі.
Жоспарлау мен жоспарларды айыра білу керек.
Жоспар (Planum-латын тілінен аударғанда -плоскость-тіп-тік)-бұл алдын-ала белгіленген тәртіп, қандай да бір бағдарламаның реттілігі, жұмыстыцң орындалуы, шаралардың өткізілуі, ой, жоба, қандай да бір жұмыстың негізі белгілері. Жоспар-бұл бір нәрсені қарастыру, құру тәсілі. Бұл мақсат (міндеттерді) қоюмен және болашақта әрекет етумен байланысты қызмет түрі.
Жоспар – бұл жүзеге асыруға қажет, нақты іс-шаралар мен оларды орындаушылардың тізімі. Жоспар-жоспарлау үрдісінің нәтижесі болып табылады.
Жоспарды жасаған кезде мектептің қызметіне қатысты құжаттарды, жоғары органдардың бұйрықтары мен өкімдерін, қазіргі педагогика ғылымының жетістіктерін, жұмыста жинақтаған іс-тәжірибені басшылыққа алады.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау бірнеше қағидаларға негізделеді:
-мақсаттар мен оны жүзеге асыру бірлігіф;
-ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың бірлігі;
-кіріктендіру қағидасы;
-мектептің басқа құрылымдарының жүзеге асыратын қызмет түрлерінің қайталануын болдырмау (мысалы, педагогикалық кеңестің);
-жоспарлау мен болжаудың кешенді мәнін қамтамасыз ету;
-жоспардың икемділігі;
-жоспардың орындалуын бақылаудың әрекеттілігі.
Әдістемелік жұмысты жоспарлауда бірқатар талаптарды
орындау қажет:
-жоспардың нақты болуы;
-педагогикалық ұжым қызметінің сабақтастығы мен реттілігі;
-жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктерді есепке алу;
-қызмет бағыттарын таңдау мақсаттылығы;
-мұғалімдермен жұмыс мазмұнының және белсенді формаларының әр түрлілігі;
-диагностикалық материалдарды қолдану.
Белгілі бір жоспарды әзірлей отырып, алдымен, келесі сұрақтарға жауап беру керек:-біз нені жоспарлаймыз? Не үшін біз жоспарлаймыз? Қандай нәтижені біз алғымыз келеді?
Жоспарлау, ең алдымен, оза ойлауды, жұмыстағы жүйелілікті және реттілікті қажет етеді. Жоспарлау –бұл импровизация емес, ол талдамалы ойлауды қажет етеді.
Жақсы жоспардың критерийлері:
-жоспар мектептің қажеттіліктеріне және ортаның қойған талаптарына сәйкес келуі керек;
-ол шынайы және қол жеткізетін болуы керек; -болжанған нәтижелер нақты анықталған, оларды сапалық және сандық жағынан бағалауға болады;
-жоспарды әр фазасы үшін нақты мерзімдердің болуы;
-ортаның өзгеруін болжау.
Әдістемелік жұмыс жоспары –бұл локалдық құжат, онда белгілі бір уақыт бөлігінде педагогикалық ұжымның дамуының нақты міндеттері анықталған, практикалық істердің толық реті берілген, олар логикалық және хронологиялық реттілікпен орналастырылған және олар барлық қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау қысқа (оперативтік және практикалық ) және ұзақ мерзімді (перспективалық) болуы мүмкін. Әдістемелік жұмысты перспективалық жоспарлау –білім мекемесінің жалпы даму бағдарламасына (3-5 жыл) сәйкес келеді және жұмыстағы сабақтастықты, жүйелілілікті,әдістемелік қызмет жүйесінің жаңа вариантын, мектептің белгілі бір проблемасы бойынша қызмет бағыттарын жасауды қамтамасыз етеді. Жоспарды төмендегі сызба бойынша құруға болады: -соңғы 2-3 жылдағы әдістемелік жұмысқа талдау;
-Әдістемелік қызмет бойынша проблеманы анықтау;
-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің мақсат, міндеттерін қою;
-әдістемелік қызметті жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;
-әдістемелік жұмыс формаларын белгілеу;
-әдістемелік жұмыс жүйесінің ұтымды вариантының үлгісін таңдау;
-әдістемелік жұмыс тиімділігінің критерийлерін жасау;
-мекеменің ғылыми-әдістемелік және дидактикалық базасын нығайту.
Оперативтік және тактикалық жоспарлар –жылдық, айлық, апталық нақты іс-шаралар жоспарлары. Мұндай жоспарлардың нақты мақсаттары мен міндеттері бар және оларды жүзеге асырудың қысқаша мерзімдері бар. Олар жүзеге асырылып отырған стратегияның шеңберінде жасалады және төмендегі деңгей жоспарлары болып есептеледі. Әр білім мекемесінде тұжырымдамалар мен бағдарламалар жасалады. Осыларға сәйкес әдістемелік проблемалар анықталады, міндеттер қалыптастырылады. Оларды сәтті шешу үшін тактикалық және оперативтік жоспарлар жасалады. Практикада олар мәтіндік вариант түрінде болады-проблемалық-тақырыптық жоспар, графикалық және кешендік-мақсаттық бағдарламалар.
Әдістемелік жұмысты жоспарлауда бірнеше кезеңдер бар:
Бірінші кезең-мақсатты анықтау.
Кез-келген қызметті жоспарлау белгілі бір мақсатқа жету бойынша әрекеттер кешенін жасау болып табылады. Мақсат- бұл нәтиже, бұл педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Мақсатты таңдау жоспарлаумен байланысты, өз кезегінде ол оны жүзеге асырумен байланысты. Бірінші және екінші жағдайда өз қызметіңді қойылған мақсатқа жауап беретіндей етіп жоспарлау керек, яғни, жоспарлаудың мақсаттылығын қамтамасыз ету керек. Әдістемелік жұмыстың мақсаты мектептің өткен оқу жылындағы қызметін талдау, мұғалімдер арасында диагностикалау нәтижелері негізінде анықталады. Бұл жағдайда мақсат шынайы және көкейтесті болады. Нақты және негізделген мақсаттардың болуы сапалы жоспар жасауға мүмкіндік береді.
Екінші кезең - жоспарды жасау
Әдістемелік жұмыстың жоспары педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің бірлескен қызметінің нәтижесі. Біздің мектептің әдістемелік жұмысының жоспарына үш бөлім кіреді:
-ұйымдастыру жұмысы;
-білім беру үрдісін технологиялық жағынан қамтамасыз ету;
-диагностикалау, бақылау.
«Ұйымдастыру жұмысы» бөліміне жалпымектептік педагогткалық проблеманы шешуге бағытталған барлық іс-шаралар кіреді. Жұмыс формалары әр түрлі: педагогикалық және әдістемелік кеңестер, семинарлар, әдістеме талдауы жлік кеңес берулер, тренингтер. Бұл бөлімде пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кабинеттің жұмысы, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру, аттестациялау, педагогтардың инновациялық қызметі, өзіндік білім алу бойынша жұмыс. «Білім беру үрдісін технологиялық жағынан қамтамасыз ету» бөлімінде мектепті дамыту бойынша жұмыс алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу және жинақтау, ВОУД, ҰБТ бейінді оқытуды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, ақпараттық қызмет көрсетіледі.
Әдістемелік жұмысты бақылау оның функцияларына сәйкес жүргізіледі: түзету, бағалау, ынталандыру. Бақылау объектілері: пәндік бірлестіктер жұмысының тиімділігі, әдістемелік кабинет жұмысы, өзіндік білім алу. Мұғалімнің кәсіптік өсуін зерттеу олардың қызметі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеттерін ашуға ықпал ететін жұмыс формалары қолданылады.
Үшінші кезең-жүзеге асыру кезеңі
Бұл кезеңде жоспарды жүзеге асыру бойынша күнделікті жұмыс жүргізіледі. Жыл бойы жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мұмкін.
Төртінші кезең-рефлексиялық кезеңі
Бұл кезеңде әдістемелік жұмыс нәтижелерінің талдауы жүргізіледі. Жаңа кезеңнің мақсаты мен міндеттері анықталады.
Сауатты жасалған жоспардың көрсеткіштері:
-перспективалық жоспарлауға сүйену;
-педагогикалық үрдіс субъектілерінің әрекеттерінің толықтығы және жеткіліктілігі;
-әрекеттердің уақыт арасындағы үйлесімділігі;
-аралық және соңғы нәтижелердің бақылануы;
-жоспардың нақтылығы.
Қосымшада әдістемелік жұмыс қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша жоспарлау ұсынылған. Жоспардың ұсынылған варианттарын жұмыс үшін бағдар ретінде қарастыруға болады. Өйткені әдістемелік жұмысты жоспарлау – бұл кәсіпқойлық пен шығармашылықтың, ізденіс пен үміттің, қазіргі мен болашақтың қосындысы.
Күнделікті сабақты жоспарлау
Күнделікті сабақты жоспарлау – бұл мұғалімнің сабаққа тікелей дайындығы, яғни, сабақты жоспарлау, яғни, әр жеке сабақты тақырыптық жоспарлау, жоспарды ойластыру және құрастыру және сабақтың конспектісі. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологиясын жасағанда екі бір-бірімен байланысты бөлігі бар: сабақтың мақсатын, оның әрбір адымын ойластыру, сабақтың жоспарын белгілі бір формада жазу.
Әр сабақта үш бірлескен мақсаттар қойылады (сабақтың міндеттерінде сипатталады):
-оқыту;
-тәрбиелеу;
-дамыту.
Осыларды есепке ала отырып, сабаққа деген жалпы талаптар дидактикалық, тәрбиелік және дамыту талаптарында нақтыланады.
Дидактикалық ( білім беру) талаптарына жатады:
-әр сабақтың білім беру міндеттерін нақты анықтау;
-сабақтың ақпараттық жағынан толығуына ұтымды жұмыс жүргізу;
-танымдық қызметтің жаңа технологияларын енгізу;
-әр түрлердің, формалардың және әдістердің ұтымды үйлесуі;
-өзіндік және ұжымдық қызмет формаларының үйлесуі;
-кері байланысты, бақылауды және басқаруды қамтамасыз ету;
-сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық тәсіл.
Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптарға кіреді:
-оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;
-өмірде қажетті сапалық қасиеттерді қалыптастыру: жауапкершілікті, арасындаөздігінен жұмыс істеу қабілеттерін, орындаушылық қасиеттерін, нақтылықты, ұзақ жұмыс істеуге бекемділікті, ұқыптылықты, ұжымды жұмыс істеу қабілеттерін;
-сыйластықты сақтау, оқушылармен ынтымақтастық, олардың жетістікке деген қызығушылығы.
Дамыту талаптары:
-оқушылардың оқуға деген оң мотивациясының қалыптасуы және дамуы;
-даму деңгейін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;
-оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау.
Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы және ол өткізілетін сыныбы, мақсаты, оның дидактикалық міндеттері, сабақта оқылатын материалдың қысқаша мазмұны көрсетіледі. Қатысушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру (мұғалім-оқушы) және оқушылардың оқу-танымдық қызметі үшін тапсырмалар, әдістер және дидактикалық оқыту құралдары.
Қазіргі сапалы сабақ жауап беретін жалпы талаптардың арасында бөліп алуға болады:
1. Сабақта ұтымды қатынаста барлық дидактикалық қағидаларды денсаулық сақтау негізінде жүзеге асыру.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін және қажеттіліктерін есепке ала отырып, өнімді танымдылық қызмет үін жағдайды қамтамасыз ету.
3 тірек ету.. Бұрын оқылған білім және біліктермен байланыс, қол жеткен даму деңгейін
4. Оқушылардың ой елегінен өткізген пәнаралық байланысын орнату.
5. Тұлғаның жан-жақты дамуын ынталандыру және белсенділіктерін арттыру.
6. Барлық кезеңдердің логикалылығы және эмоционалдылығы.
7. Құзырлылықтарды, ойлаудың және қызметтің ұтымды тәсілдері.
8. Өмірмен және оқушылардың жеке іс-тәжірибесімен байланыс.
9. Оқу білігін, білімге деген қажеттілікті және оны толықтыру қажеттіліктерін қалыптастыру.
10. Диагностика, әр сабақты жобалау және жоспарлау.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Басқару циклы кезеңдерінің арасында білім беру мекемесінің тиімді қызметі үшін мәнді, педагогикалық ұжымның кәсіптік дамуы көбінесе тәуелді болатын ерекше бір буын бар, бұл мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Педагогтардың кәсіптік деңгейі, олардың шеберліктерін жетілдіру, шығармашылықты дамыту нақты, ойластырылған, ғылыми жағынан негізделген әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға, оған біліктілік деңгейде басқаруға тәуелді. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен оны жоспарлауды байланыстыру өте маңызды.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұтымды тәсілдерін таңдаудың негізгі критерийі педагогтардың ақпаратты игеру дәрежесін және оны практикада жүзеге асыру дәрежесін есептеуге болады. Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде кәсіптік деңгейді жетілдіру міндеттерін педагогтардың түсінуін қамтамсыз етуге ұжымдағы іскерлік қатынастардың тікелей көмегімен қол жеткізуге болады (кеңестер, семинарлар, әңгімелесулер), өйткені мұғалімнің шығармашылық өсу үрдісін реттеу мүмкін емес. Сондықтан мұғалімдердің эмоционалдық көңіл-күйіне ықпал ететін, олардың назарын аударуға, ақпаратты қызығушылықпен қабылдауына мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдану қажет. Практикалық істерді жүзеге асыру барысында «басшы-мұғалім», «мұғалім-мұғалім» жүйесіндегі қызмет субъектілері арасындағы ұйымдастыру қатынастарын анықтау өте маңызды болып табылады. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңызды қозғаушы күштерінің бірі шешімді қабылдауда өкілеттіліктердің ара жігін ажырату екені сөзсіз. Бұл ара жікті ажырату формалды тәсілдермен(бұйрық, өкім) немесе формалды емес тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Қандай жағдай болмасын мұғалімдер қандай сұрақтарды және қашан өздігінен шешуге, қандай сұрақтарды келісім бойынша шеше алатынын анықтауы керек.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру- нәтижеге жету бойынша бірлескен қызмет құрылымын қүру болып табылады. Мұндай жұмыс тиімді болады, егер ұйымдастырушылар төмендегі жағдайларды есепке алса:
-орындаушылар өздерінен қашан және қандай нәтижелерді күтетінін білуі керек;
-алдағы жұмыс және оның соңғы нәтижесі педагогтардың оң мотивациялық ұстанымы болуы керек;
-өнімді жұмыс үшін ұтымды моралды-психологиялық климат жайлы болуы тиіс;
-алдағы жұмыстың таңдалған жұмыс формалары мен әдістері педагогтардың шынайы жағдайлары мен мүмкіндіктеріне, олардың кәсіптік сұраныстарына сәйкес келуі керек. Әдістемелік жұмыста нәтижелерге жету үшін оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыруға бағытталған төмендегі қағидаларды, оларды жүзеге асырудыңпрактикалық мәнділігіной елегінен өткізу және есепке алу қажет:
-ғылыми концептуалдық (тұжырымдамалық) негізделу қағидасы;
-стратегиялық бағыттылық қағидасы;
-прогностикалық және белсенділік қағидасы;
-құндылыққа және мақсатқа бағыттылық қағидасы;
-жүйелілік тәсіл қағидасы;
-тұлғағ бағдарланған тәсіл қағидасы;
-жағдаяттық және ұтымдылық тәсілдердің қағидасы;
-даму және өзіндік дамуға бағдарланған қағида;
-ізденіс, шығармашылық және зерттеуге бағдарланған қағида;
-құралдық, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу қағидасы;
-демократизм қағидасы;
-кеңес берушілік қағидасы;
-бейімділік, мекенжайлық қағидасы;
-конструктивтік (сындарлы) және жобалық бағыттылығ бар қағида;
-қуанышты еңбек қағидасы.
Тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызу керек:
-қызметті ұйымдастырудағы тұлғаға бағдарланған және құзырлылық тәсілдер;
-педагогикалық ұжымның басшылары мен мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді ғылыми және практикалық жағынан негіздеу арқылы бөлу;
-жұмыстың ұтымды әдіс-тәсілдерін таңдау;
-еңбекті ұтымды ұйымдастыруды таңдау;
-мектепте жалпы мәдени даму ортасын құру;
-басшының кәсіптік құзырлылығы.
Осының барлығы төмендегідей қорытындыны жасауға мүмкіндік береді: әдістемелік жұмыс қаншалықты кәсіптік деңгейде ұйымдастырылса, соншалықты жалпымектептік педагогикалық проблеманың шешілуі қорытындысында осыған байланысты болады.
Әдістемелік жұмыста бірыңғай алгоритм жоқ және болуы мүмкін емес. Бірақ оны жоспарлаған және ұйымдастырған кезде ең басты қағиданы-жүйелілік тәсіл қағидасын сақтау керек, өйткені осы қағиданың арқасында нәтижелерге жетуге болады. Кім үлкен жетістіктерге жеткісі келеді, солар жоғары талаптар қоя білуі керек.
Қорытынды
Білім берудің жаңа мәні мен құндылықтарын-өзара әрекеттесу мәдениеті, шығармашылықты дамыту, диалогтық пікірлесу, өзіндік дамуды, өзіндік еңбекті ұйымдастыруды қолдау -педагогикалық ғылым мен практиканың арасындағы алшақтықты жоюды талап етеді. Қазіргі мектепте осы алшақтықты жою кәсіптік қайта даярлау құралдарымен жүзеге асады, осыны әдістемелік жұмыс деп атайды.
Шынында, білім берудің жаңа мақсаттары қойылып отырғанда мектепте әдістемелік жұмысты жоспарлауға және ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарау қажет. Гуманистік білім беру жүйесінде әдістемелік жұмыс, ең алдымен, мұғалімнің жеке шығармашылық қызметін дамытуға және өзіндік дамуына, жеке қажеттіліктері мен сапалық қасиеттерін есепке ала отырып, жүйелі мекенжайлық көмек көрсету арқылы педагогтарды әлеуметтік жағынан қорғау болып табылады. Әдістемелік жұмысты жоспарлағанда және ұйымдастырғанда, ең бастысы, білім басқармасы мен социумның білім мекемесіне қойған талаптары мен оның әлеуеттік мүмкіндіктерінің үйлесуі болып табылады, оны әдістемелік қызмет анықтайды және дамытады. Жоспарлау импровизациядан алшақ, өйткені жоспарлау шығармашылыпен қосыла отырып талдау арқылы ойлауды талап етеді.
«Шығармашылық –бұл белгілі бір жаңа нәрсені жасайтын, мейлі ол қандай да сыртқы дүниенің затын жасаумен немесе әр адамның өзінде болатын ақыл мен сезімді құрумен байланысты адамның әр түрлі қызметі» (Л.С. Выготский)
Пайдаланған қорлар
1. Глинский А.А. Жалпы білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыс.- Мн.: АПО, 2006
2. Лизинский В.М. Мектептегі әдістемелік жұмыс туралы- М.- Пед. Ізденіс, 2001
3. Макарова Т.Н. Мектептегі әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру.- М.: Пед. Ізденіс,2001.
http: // dmsuslin. narod. ru /club-licey 11. htm
http: // www. uchportal. ru
http: // www. 1 september. ru/
http: // pedsovet. org /
http: // pedsovet. sa /