top of page

Инновации

Білім мекемесін дамыту бағдарламасын  жасау  әдістемесі

(әдістемелік  нұсқаулар)

   Дамыту бағдарламасы- бұл білім мекемесін 5 және одан көп жылға дамыту стратегиясын анықтайтын нормативтік-басқару құжаты. Дамыту бағдарламасын жасау-білім мекемесінің жетістіктері мен даму перспективасын сипаттайтын күрделі, инновациялық үрдіс. Бағдарламаны жазуға оқу- тәрбие үрдісінің барлық қатысушылары тартылады.

Дамыту бағдарламасы білім мекемесінің педагогикалық кеңесінде қабылданады және мекеме басшысы оны бекітеді.

Дамыту бағдарламасының стратегиялық міндеті-  білім мекемесінің педагогикалық жүйесіндегі сапалық өзгерістер.

Білім мекемесін дамытудың негізгі бағыттары бағдар бойынша анықталуы мүмкін.

  • облыстың, ауданның 20  жылға  дейінгі дамыту бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша: жалпы білім беру мектебі (ұйымдастыру іс- шаралары, ауданның білім беру мекемелерінің жүйесін дамыту, мамандармен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру, білім беру сапасын арттыру); оқуға жоғары ынтасы бар балаларды оқыту; тәрбие жұмысы, денсаулық және салауатты өмір салты, білім беруді ақпараттандыру;

  • білім беру сатылары және өзгеретін обьект бойынша : оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, білім беру технологиялары, мамандар әлеуеті және т.б.

  • білім беру мекемелерінде жалпы орта білім алуды қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің сапасының нормативтік критерийлері бойынша: оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерінің сапасы, оқыту үрдісін ұйымдастыру, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі шарттары (номативтік- құқылық, оқу- әдістемелік және ақпараттық жағынан қамтамасыз ету, қор жағынан қамтамасыз ету, білім мекемесінің қызметін басқару).

Бағдарламаның жалпы мақсаты – білім мекемесінің білім беру жүйесіндегі өзгерістер есебінен білім беру жүйесіндегі өзгерістер есебінен білім берудегі белгілі бір нәтижелерге жету үшін оның қабілеттерін жақсарту. Мұндай мақсат төмендегідей үлгі арқылы анықталады: «Педагогикалық жүйедегі өзгерістер есебінен оның қабілетінқазіргі уақыттан жоғары деңгейде(жақсарту нәтижелері аталады), сол сияқтыжаңа нәтижелерге қол жеткізу (бұдан бұрын қол жетпеген жетістіктер аталады, одан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға қол жеткізіледі)».

Білім мекемесінің дамыту бағдарламасын әр түрлі технологиялар арқылы жасауға болады.

Білім мекемесінің даму бағдарламасын жасауға төмендегі бағыттар жатады: 

  • білім мекемесінің тұжырымдамасын жасау;

  • білім мекемесінің әрекет ету және дамыту мақсаттарын анықтау;

  • білім мекемесі туралы ақпараттық анықтаманы әзірлеу;

  • білім мекемесінің жағдайын проблемалық талдау;

  • перспективаға стратегия мен міндеттерді жасау;

  • әрекет жоспарын жасау;

  • күтілетін нәтижелерді болжау;

  • бағдарламаны сараптау (білім бөлімі) ; 

 

Мектепті дамыту бағдарламасының құрылымының үлгісі

 

  • білім мекемесін дамыту тұжырымдамасы;

  • білім мекемесі қызметінің негізгі мақсаты ;

  • білім мекемесінің жағдайының сипаттамасы (талдау анықтамасы);

  • жылдар бойынша қызметтің негізгі нәтижелері;

  • жылдар бойынша білім мекемесін дамыту міндеттері ;

  • білім мекемесінің негізгі проблемалары;

  • негізі бағыттар бойынша қызмет  жоспары;

  •  бойынша қызметтің болжанған нәтижелері;

 

Білім мекемесінің жұмысын жоспарлаған кезде қолданатын негізгі нормативтік құжаттар

  1. «Білім» туралы заң

  2. Қ.Р.- да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

  3.          

  4.     

  5.      

  6.  

Білім мекемесінің жұмысын талдаудың үлгі- сызбасы

Талдаудың мақсаты белгілі бір уақыт ішінде білім мекемесі жұмысының нәтижелігін ( тиімділігін) анықтау болып табылады.

  • Білім мекемесінің өткен оқу жылындағы жұмыс жоспарының орындалуы бойынша қызметін жалпы бағалау;

  • қойылған міндеттердің орындалу деңгейі , нәтижелері;

  • педагогикалық ұжымның жұмыс сапасын арттыруға немесе төмендетуге әкелген факторларды талдау;

  • жұмыс жоспарының жекелеген бөліктерінің орындалмау себептерін талдау диагностикасының болмауы, қойылған міндеттердің проблемаға сәйкес болмауы,орындаудың мүмкін еместігі және т.б.)

2. Ұжымның Қ.Р-ның «Білім» туралы Заңын орындау бойынша қызметі

- мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуы, олардың базалық, жалпы орта білімді алуы;

-  мектептен кеткен оқушылар саны, себептері;

 - педагогикалық тәртіпке сәйкес емес балалармен жеке жұмыс, оның тиімділігі,

  • оқушылардың білім мекемесіне баруы, сабаққа келмеу себептері, алдын алу іс- шаралары;

  • бағытты таңдауы, кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыруы.

3. Оқушылардың денсаулық жағдайы жіне дене бітімінің дамуы. Салауатты өмір салтын қалыптасу жолдары. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

4. Оқу- тәрбие үрдісін талдау . Оқу пәндерінің оқытылу жағдайы(Міндеттері: оқушылардың білімінің қалыптасу үрдісін , жалпы оқу және арнайы білік-дағдыларының қалыптасуын талдау; кереғар динамика себептерін анықтау, әдістемелік көмекті қажет ететін (диагностикалау, оқушылардың жұмысын талдау, олардың оқи алатындығының деңгейін анықтау негізінде);

  •  

- Мектепішілік бақылау шеңберіндегі іс-шаралар қорытындылары;

- емтихан қорытындылары;

- бақылау жұмыстарының қорытындылары( әкімшілік,білім бөлімі тарапынан);

  •  

- Оқушының оқи алу деңгейі, олардың жалпы оқу және арнайы білік, дағдыларының қалыптасуы;

- оқушылардың біліміндегі тән кемшіліктер;

- оқушылардың үлгермеу себептері;

- педагогтардың оқу жоспарын және бағдарламаның практикалық бөлігін орындауы;

-  оқу пәндерін оқытудағы негізгі кемшіліктер;

  • педагогтардың оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, қазіргі білім беру технологияларын игеруі және пайдалануы;

  • оқыту тиімділігін арттыруда кабинеттердің рөлі;

  • оқушылардыі білімді жалғастыруы (сабақтастық, оқуға түсуі);

  • қосымша білім берудің рөлі;

  • дарынды балалармен жұмыс жүйесі;

Тәрбие жұмысын талдау

  • тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • жалпымектепішілік іс- шаралардың өткізілу сапасы және педагогикалық жағынан тиімділігі, олардың мақсатқа сәйкестігі;

  • сынып жетекшілері жұмысының жалпы сипаттамасы (белгіленген жоспардың орындалуы, жұмыстың мазмұны мен формаларының өзара үйлесуі, негізгі нәтижелері);

  • педагогикалық  басшылық және оқушылардың өзін- өзі басқаруының дамуы;

  • құқық бұзушылықтың санының өсу немесе азаю себептері, оқушылардың өзін ұстау мәдениеті және тәртіптерінің жағдайы;

  • оқушылардың қоғамдық белсенділіктерінің өсу немесе азаю себептері;

  • балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының болуы, олардың білім мекемесінің өміріндегі рөлі;

  • мектептің, отбасының және социум өкілдерінің балаларды, жасөспірімдерді тәрбиелеудегі бірлескен жұмысы;

  • келеңсіз құбылыстардың себептерін анықтау;

5. Эксперименттік және инновациялық жұмыстың жағдайы және тиімділігі

- нормативтік базаның болуы және жағдайы;

- қызмет бағытын таңдау дұрыстығы;

- өткізіліп отырған жұмыстың нәтижелігі;

- педагог пен оқушылардың тұлғасының дамуына, білім мекемесінің әрекет етуі мен дамуына ықпалы;

6. Басқару қызметінің деңгейі

- басқару қызметінің бағыттары;

- мектепішілік басқарудың мәні және әрекеттілігі;

- білім беру үрдісінің барлық субьектілерінде жалпыеуропалық құзырлылықтарды қалыптастыруға бағытталған басқару ықпалының тиімділігі;

- басқарудың ынтымақтастық қатынастарының қалыптасуына, барлық мектеп өмірінің демократиялануына ықпалы;

- ұжымдағы шығармашылық атмосфераны қалыптастырудағы әкімшілііктің рөлі;

- білім мекемесі басқару аппаратының талдау қызметі;

- пән кафедраларын, әдістемелік бірлестіктерді және педагогтардың басқа да құрылымдарын басқару нәтижелігі;

- педагогикалық және ғылыми- әдістемелік кеңес жұмыстарының тиімділігі.

  1. Педагог мамандармен жұмыс

Мамандар құрылымы ( кестелер)

педагог мамандар бойынша статистикалық деректер (білімі, өтілі, жасы, біліктілік санаты, курстық қайта даярлауды өту мерзімі);

  • мектептің педагог мамандармен қамтамасыз етілуі, вакансиялар,

  • жас мамандар;

  •  стажерлер;

  • мамандар еместер;

  • зейнеткерлер;

  • жоғары оқу орындарында оқитындар.

Мамандармен әдістемелік жұмыстыұйымдастыру және оның нәтижелігі

  • педагогикалық кеңес қызметін талдау ( көкейтестілігі, нақтылығы, практикаға баңыттылығы, нәтижелігі);

  • педагогтардың біліктілігін арттыру формалары, оның нәтижелігі;

  •  әдістемелік бірлестіктердің шығармашылық, проблемалық топтар және т.б.қызметті талдау (мақсаты, проблемалары, міндеттері, қызметінің бағыттары, түрлері мен формалары, нәтижелігі);

  • педагог мамандардың біліктілігін арттырудың барлық формаларының нәтижелігін, олардың әдістемелік дайындық деңгейін бағалау;

  • жас мамандармен жұмыс (тәлімгерлік, жекелей әдістемелік көмек, «Жас мұғалімдер мектебі» және т.б.);

  • тиімді педагогикалық практиканы анықтау, зерттеу, жинақтау және тарату бойынша жұмыс;

  • білім мекемесінің жұмыс практикасына қазіргі ғылымның жетістіктерін енгізу;

Аттестациялау, оның нәтижелері

  • аттестациялау комиссиясы жұмысының тиімділігі (нормативтік құқылық базаның болуы, педагогтармен өзара әрекеттесуі, оқу жылының барысында аттестациялаудан өтетін және аттестацияланған  педагогтардың саны, қажетті құжаттардың ресімделуі, аттестацияланушы педагогтарға көмек үшін әзірленген ұсыныстардың сапасы және т.б.)

  1. Білім мекемесінің әрекет етуі және дамуы үшін жағдайлардың ұтымдылығы

  • санитарлық- гигиеналық жағдай;

  • оқу үрдісінің компьютерлермен қамтамасыз етілуі;

  • оқу кабинеттерінің нормативтік талаптарға сәйкес келуі (аумағы, оқу орындарының саны, жиһаздың оқушылар жасына сәйкестігі, күн тәртібі, оқу, анықтамалық және т.б. әдебиеттердің, техникалық оқу құралдарының болуы);

  • материалдық- техникалық базаның даму (жаңару) жылдамдығы, бөлінген бюджеттік қаражатты игеру және материалдық- техникалық базаны нығайту үшін бюджеттік емес қаражатты тарту;

  • кітапхананың болуы, оның нормативтік талаптарға сәйкестігі, кітапхана қорының көлемі, оның жаңару динамикасы;

  • оқу- әдістемелік кешендермен, оқу- көрнекілік құралдармен қамтамасыз етілуі. Жетіспейтін оқулықтар (әр пән бойынша);

  • оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • тамақтануды ұйымдастыру, асхананың, буфеттің болуы.

9.Оқу үрдісін әлеуметтік- психологиялық жағынан қамтамасыз ету

10. Нормативтік- құқылық жағынан қамтамасыз ету

11. Білім мекемесінің сыртқы байланыстары

- басқа білім мекемелерімен байланыстың әрекеттілігі және оның білім мекемесінің дамуына ықпалы;

-оқушыларды тәрбиелеу үрдісінде қоғамдық және әлеуметтік- мәдени ұйымдардың рөлі

Білім мекемесінің жыл бойындағы қызметі бойынша қорытындылар жаңа оқу жылына мақсат пен міндеттерді анықтау.

Білім мекемесінің жұмысын жоспарлау

Жоспарлау- негізгі қызмет түрлерін анықтау үрдісі, онда нақты орындаушылар мен өткізу мерзімі көрсетіледі.

Жоспарлау идеологиясы- бұл оқу- тәрбие үрдісінің барлық субьектілерінің әрекеттерінің үйлесімділігі және сабақтастығы.

Жоспардың түрлері:

- мәтіндік;

- графикалық;

- графиктік және мәтіндік жоспардың өзара үйлесуі;

bottom of page