
Бурабай ауданы білім бөлімінің виртуалдық әдістемелік кабинеті
Виртуальный методический кабинет отдела образования Бурабайского района
Новости
«Зерде» облыстық оқушылар жарысының қорытындысы
2015 жылғы қарашаның 9-11 аралығында Көкшетау қаласындағы дарнды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернаты базасында «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Бурабай ауданын 13 мектептен 15 оқушы таныстырды.
Конкурсқа жас зерттеушілер – 1-7 сынып оқушылар жеке ретінде және команда құрамында қатысты. Конкурс екі жас санаты бойынша өткізілді: бастауыш мектеп оқушылары, және 5-7 сынып оқушылары. Білім алушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау, 8 секция бойынша өткізілді.
Жас зерттеушілердің 300-ден астам жұмысы сырттай кезеңде қатысты, және 216 жұмыс қана облыстық жарыстың іштей турында қорғау үшін іріктелді.
Бурабай ауданынан Щучинск қ. №1 МГ, №2 ОМ, №3 ОМ, №8 МГ, мектеп-интернатының, «Мирас» КМГ, Бурабай кентіндегі С.Сейфуллин ат. ОМ, Оқжетпес ОМ, Атамекен а. ОМ, Баянбай а. ОМ, Ақылбай а. ОМ оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Бурабай ауданының оқушылары 9 жүлделі орын алды. 3-деңгейлі дипломды және сыйлықты Ақылбай а. ОМ 3-сынып оқушысы Уланов Мадияр, Щучинск қ. мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы Орешин Владислав және «Мирас» КМГ 3-сынып оқушысы Кумысбек Бексултан алды. 2-деңгейлі дипломды және сыйлықты №2 ОМ 7-сынып оқушысы Куценко Юлия, №8 МГ 4-сынып оқушысы Исламов Ильдар, Баянбай а. ОМ 3-сынып оқушысы Сайлауова Аида алды. 1-деңгейлі дипломды және сыйлықты Ақылбй а. ОМ 6-сынып оқушысы Цурова Милана, «Мирас» КМГ 3-сынып оқушысы Бариев Рамазан, Зеленобор МГ 7-сынып оқушысы Лысачев Данил алды – осы оқушылар қаңтар айында «Балдәурен» РОСО-да Ақмола облысын «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар республикалық конкурсында таныстырады. Қалған оқушылар облыстық білім басқармасының сертификаттарын алды.
Т.Федорова, білім бөлімінің әдіскері

