
Бурабай ауданы білім бөлімінің виртуалдық әдістемелік кабинеті
Виртуальный методический кабинет отдела образования Бурабайского района
Жаңалықтар
Новости
Аудандық Әдістемелік Кеңес
2016 жылғы 29-наурыз күні Щучинск қ. «Арман» МТОТЖО базасында аудандық Әдістемелік Кеңестің отырысы болды. Қатысушылар – мектеп директорларының тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ӘК тақырыбы – «Мектептің жаңа моделін қалыптастыру жағдайында тәрбиелік және кәсіпке бағытталған жұмыс жүйесі». «Мектептің жаңа моделін қалыптастыру жағдайында тәрбиелік жұмыс жүйесін жетілдірудің тиімді жолдарын анықтау. Мектептегі кәсіпке бағытталған жұмыс жүйесі» ақпаратымен білім бөлімінің әдіскері Е.В.Вотинова сөз сөйледі. Әрі қарай тақырып әр түрлі аспект жағынан қаралды: мектеп әкімшіліктерінің жұмысы («Тәрбиелеу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша мектеп ісін ұйымдастыру бойынша әкімшілік жұмысы» - М.Е.Кульжаманова, Щучинск қ. №5 ОМ директорының ТІ жөніндегі орынбасары, «ХХІ ғасыр сынып жетекшінің моделі» - А.Б.Хасенова, Зеленобор МГ директорының ТІ жөніндегі орынбасары, «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда әлеуметтік серікстестіктің рөлі» - М.В.Гончаренкоғ Щучинск қ. №2 ОМ директорының ТІ жөніндегі орынбасары); сынып жетекші («Мектепте кәсіпке бағытталған жұмыстағы дәстүрлер және инновациялар» - А.И.Бесенова, Щучинск қ. «Мирас» КМГ сынып жетекшісі); педагог-психолог, әлеуметтік педагог (А.Х.Бут, Щучинск қ. №6 ОМ әлеуметтік педагогы, К.Х.Искакова, Ұрымқай ОМ-нің педагог-психологы). Жас мамандармен ұзтаздардың жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибесін С.Э.Клишина, Златополье ОМ директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары ұсынды. Барлық сөз сөйлеулер айдарларда ұсынылды – тәжірибемен бөлісейік, педагогикалық шеберхана, ашық микрофон.
Әдістемелік Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар енгізілді. Кеңес барысында алынған ақпаратты жеткізу үшін директорлардың ОІ жөніндегі орынбасарларына электрондық материалдар бумасы әзірленді.
Е.В.Вотинова, білім бөлімінің әдіскері