top of page

Жаңалықтар

Новости

Бурабай ауданы білім беру жүйесінің педагогикалық үміті

       Бурабай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жыл сайын «Педагогикалық үміт» конкурсын өткізеді. 2016 жылғы 31-наурыз күні Щучинск қ. «Арман» МТОТЖО базасында осы конкурс өткізілді.

         Жас педагогтар – біздің болашағымыз. Конкурстың сегіз қатысушысы Б.С.Касимова, Щучинск қ. «Мирас» КМГ бастауыш сынып мұғалімі, О.М.Морозов, Щучинск қ. №2 ОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Д.Н.Азербаев, Щучинск қ. №4 ОМ-нің дене тәрбиесі мұғалімі, М.Б.Кажибаева, Наурызбай батыр ат. ОМ-тің бастауыш сынып мұғалімі, Р.Б.Кажкенова, Оқжетпес ОМ-нің математика мұғалімі, А.С.Серикбай, Бурабай кенті С.Сейфуллин ат. ОМ қазақ тілі мұғалімі, Г.Д.Айтжанова, Зеленобор МГ-ның тарих мұғалімі, А.М.Садвокасов, Қарашілік ОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі өздерінің эрудициясын, пікірлерінің ашықтығы мен бірегейлігін, пәндік сауаттылықты көрсетті. Бұл, расында еңбегін жаңа бастаған қызықты педагогтар!

         Конкурспен бірнеше кезеңдер қаралды: сырттай (эссе, портфолио), іштей – презентация форматында сабақтар, педагогикалық идеяны қорғау, «Мектептегі менің алғашқы жаңалық ашуым» суырыпсалмалық. 1-орын иегері өте жарқын, дарынды мұғалімі – Г.Д.Айтжанова, Зеленобор МГ-ның тарих мұғалімі болды.

         Жас педагогтарға өзінің педагогикалық стилін, педагогикалық шеберлікке  қол жеткізу үшін әрине уақыт қажет.  «Педагогикалық үміт» аудандық конкурсы біздің жас мұғалімдер дарынды екенін, өз ісін жақсы көретінін көрсетті.

         Оларға сәттілік және шығармашылық жетістік тілейміз!

 

Е.Вотинова, Бурабай ауданы білім бөлімінің әдіскері

bottom of page